Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет80/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

«Мамандықтар» ой-талқысы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: плакат, маркерлер 
Процесі: 
3 шағын топ құрып, үштік форматындағы ой-талқы өткізіңіз (топтар бір-бірінің парақтарына 
өз ойларын жазады). Тақырыптар: 20 жыл бұрын танымал болған мамандықтар; қазіргі таңда 
танымал мамандықтар; біздің ойымызша 5 жылдан кейін танымал болатын мамандықтар. 
Оқушылармен кейбір мамандықтар өмір бойы маңызды болып қалатынын айтыңыз (мысалы, 
медицина, білім беру, құрылыс саласындағы мамандықтар). Әрине, бұл мамандықтарға 
қажетті білім өзгереді (өзіңіз де мұғалім ретінде көп оқып, біліктілігіңізді үнемі 
арттыратыныңызды айтыңыз), бірақ олардың мақсаты өзгеріссіз қалады.
Оқушылармен бірге интернет пен жаһанданудың дамуы мамандықтар нарығының өзгеруіне 
әсер ететіні жайлы сөйлесіңіз: қазір көптеген адамдар қашықтан жұмыс істей алады, 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
90 
әлеуметтік желілермен, жаңа медиамен байланысты көптеген мамандықтар пайда болды. 
Қорытындылай келе, кез келген мамандықтағы және кез келген уақыттағы басты нәрсе – 
адамның жұмысқа деген көзқарасы, оның дамуға, жаңа нәрсені білуге деген ұмтылысы екенін 
айтыңыз. 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Ата-аналарың сендерді болашақта қандай мамандық иесі ретінде көреді? Олармен тілдесіп 
көріңдер. Бірақ бірден шешім қабылдамаңдар. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
91 
32-сабақ
Тақырыбы: Оқу жылы бойынша қорытынды сабақ. 
Ұғымдар: қорытынды, білім, білік, дағды. 
Сабақтың мақсаты: бір жыл ішінде өткен материалды қорытындылау; сабақтарда 
алынған дағдыларды, құралдарды пайдалану, сонымен қатар өзін-өзі дамыту мен тұлғалық 
өсімді ынталандыру жолдарын табу. 
Әдістері: әңгімеселу, дәптермен жеке жұмыс істеу, кері байланыс сауалнамасы, ой-талқы. 
Ресурстар: жұмыс дәптері, топтық өсу кестесі, «Болжамдар» плакаты, плакаттар, 
маркерлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет