Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісгі кәсіптік бағдарламамен белгіленеді. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 жастан бастап балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз үлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта бітм алу міндеттелінді.
Қорытынды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» заңында тұңғыш рет гамназия мен лицейге түсінік беріліп, оның мәртебесі, құқықтың негізі айқындалды. Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіпгік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Сонымен, білім мен тәрбие беру — бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Республикада «Білім туралы» заңды жүзеге асырудың маңызды жолының бірі — болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогака негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.