Факультет: Филология институты Курс: 2 Пән: Педагогикa Тақырып: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы заңнамасы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты
Орындаған: Асқар Г. Тексерген: Сайдахметова Л.
Алматы 2023 Кіріспе.
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлық ерте дәуірінде-ақ көптеген мектептер мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Қазақ қоғамындагы білім беру ісі «қазақтың тұңғыш ұстазы» ретінде танылған Ы. Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.
Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшелікгері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Негізгі бөлім.
Білім беру саясаты – қоғамның талабы мен қажеттілігіне қарай үнемі өзгеріп, дамып отырады. Қазіргі таңда қашықтан білім беру жүйесіне көшкендіктен, мемлекеттік қызмет түрлері де қашықтан көрсетіліп жатыр. Бұл – мектебіміздің заман ағымынан кеш қалмай, қоғам сұранысын қанағаттандыра алатын, жаңашыл білім ошағының бірі екенін көрсетеді.
Әр елдің білім беру саясаты қандай болса, ол мемлекеттің білім беру деңгейі және оның нәтижесі, яғни әлеуметтік-экономикалық дамуы да сондай болмақ. Мемлекеттің білім беру саясаты өздігінен пайда болмайды, ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени жағдайына сай қалыптасып, түрленеді.