Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Қазіргі өскелең талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту - қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби биліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылды. Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
- қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындықпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогакалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогакалық шеберлікті талап етеді. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі,
Әрбір азаматтың интелектуалдық дамуы, психикалық физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейіндегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
Білім берудің зайырлы сипаты;
Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
Білім беру ұйымының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
Білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
Білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Републикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.