Факультет: «Философия және саясаттану» Кафедра: «Дінтану және мәдениеттану»



бет1/2
Дата06.04.2023
өлшемі69,16 Kb.
#79893
  1   2
Байланысты:
СӨЖ Дін мен дәстүр


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


Факультет: «Философия және саясаттану»
Кафедра: «Дінтану және мәдениеттану»



СӨЖ
Тақырыбы: «Ежелгі үнді мәдениетіндегі брахманизм, джайнизм, индуизм, вишнуизм және шиваизм діни бағыттарының көрініс табуы


Орындаған: Қадырәлі Рахима
Қабылдаған: Әлтаева Нұрсұлу

Ежелгі үнді мәдениетінің өмір сүру уақыты б.з.б. III мың-тан б.з.б. VI ғасырға дейін.
Қазіргі Үндістан мемлекетінің атауы XIX ғасырда пайда болды.
Үнді мәдениет ерекшеліктері:

  • діни және философиялық ілімдер байлығы мен алуандығы;

  • Ғалам(Әлемнің құпиясы) мен адам

әлемі(философия және йога) ішіндегі
дүниесі;

  • ғажайып музыка мен би;

  • махаббатқа ерекше құрмет - сезімдік және физикалық;

Индуизм - әлемдегi iрi дiндердің бірі . Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды.



  • IV - VII ғасырларда Үндістанда будда діні дамыды. Индуизм - Үндістанда пайда болып , қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр . Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан

  • асады деген деректер бар .

Индуизмнің тұңғыш қауымы - « адживака » тақуалық жолын тұтып , тән құмарлығымен күресті . Бірақ , Вишнуға табынды . « Адживака » діни идеяларын « бхагаватами » толықтыра түсті . Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті . XII ғасырда брахмандар жарты құдай - Рамаға ерекше тұғыр орнатты . XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды .
Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті . Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы
қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті . Бірақ , көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ . Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп , индуизм баршаның дініне айналды.
Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары -
Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің
қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы
. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді.
«Рамаянада»Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады . Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін
«Бхагават Гита» философиялык концепция тұтастығымен ерекшеленді . Концепцияның негізін күллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух - пуруша туралы ережелер құрайды . Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді .


Индуизм адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды .

  • қасиеттері істер жолы ;

  • таным жолы ;

  • адалдық жолы .

Орталық Үндістанның бір ерекшелігі - халықтың касталарға бөлінуі.Әр кастаның феодалдық қоғам өмірінде белгілі орны болды.Әр кастаның кәсібі әкеден балаға көшіп отырды.Басқа кастаның өкілімен некелесуге рұқсат етілмеді. Әр кастаның қалыптасқан салт - дәстүрі қатаң сақталды. Бір кастадан екінші кастаға өтуге тыйым салынды .
ВИШНУИЗМ
Индуизмдегі негізгі екі ағымның бірі (шаивизммен бірге) вишнуизм негізінен Солтүстік Үндістанда таралған. Вишнуиттер Вишнуды ең құдіретті
Құдай ретінде құрметтейді.
Вишнуизм индуизмдегі дербес бағыт ретінде шамамен 5-7 ғасырлар шамасында қалыптасты. Оның шығу тегі Ведалардан, кейде анағұрлым архаикалық прото-үнділік кезеңнен басталады. Ведаларда Вишну кіші құдай, Индраның жын-шайтандық әрекеттеріндегі серіктестерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет