1919 жылы А.М.Безредко иммунитет жүйесінің құрылысына сәйкес осы жергілікті иммунитет түрін бөліп шығарып, оны концепциясын ұсынған.
Иммунитеттің жалпы түрімен салыстырғанда жергілікті иммунитеттің экзогендік антигендермен кездесуге мол мүмкіндігі бар және қоршаған орта факторларымен тікелей түйісетін тері мен шырышты қабықтың аймағырнда құрылады. Жергілікті иммунитеттің негізгі атқаратын рөлі – тін аймағында жергілікті, ықшамды иммунитетті қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жергілікті иммунитеттің факторлары шырышты қабықтың кілегейі мен ағзадан тыс терінің бетіне жайылып, өзінің пайдалы әсерін тигізеді.