Ерте пайда болған құрылымға гамма, дельтаТ және В1 лимфоциттер жатады. Олар иммундық қорғаныстың бірінші шебінде іс атқарады. Кеш пайда болған құрылымдар иммундық жүйенің орталық органдарының бақылауымен дамиды. Альфа, бетта Т және СД5 В лимфоциттер олардың қатарына жатып, иммундық қорғаныстың екінші шебін қамтамасыз етеді. Көрнекті мысал ретінде, ас қорыту жолдарының лимфоидтық жүйесін келтіруге болады. Жергілікті иммундық қорғауға рет ретімен Т, В лимфоциттер, макрофагтар, дендритті жасушалар қатынасып, сапалы және жоғарғы деңгейлі жергілікті иммундық қорғаныс жүйесін қалыптастырады.