Ас қорыту, тыныс алу жүйесінің шырышты қабығының жергілікті иммунитеті олардың иммундық қорғанысын қамтамасыз етеді. Өйткені шырышты қабықта дамыған лимфоидтық тін және көптеген иммунды-компонентті жасушалар болады. Лимфоидтық тіннің қалыптасу уақытына сәйкес ерте және кеш пайда болған құрылымдар болдып бөлінеді.
Ерте пайда болған құрылымға гамма, дельтаТ және В1 лимфоциттер жатады. Олар иммундық қорғаныстың бірінші шебінде іс атқарады. Кеш пайда болған құрылымдар иммундық жүйенің орталық органдарының бақылауымен дамиды. Альфа, бетта Т және СД5 В лимфоциттер олардың қатарына жатып, иммундық қорғаныстың екінші шебін қамтамасыз етеді. Көрнекті мысал ретінде, ас қорыту жолдарының лимфоидтық жүйесін келтіруге болады. Жергілікті иммундық қорғауға рет ретімен Т, В лимфоциттер, макрофагтар, дендритті жасушалар қатынасып, сапалы және жоғарғы деңгейлі жергілікті иммундық қорғаныс жүйесін қалыптастырады.