Қ
ОРЫТЫНДЫ
2008 жылы Құмкөл кен орны бойынша мұнай өндіру 1009.078 мың
тоннаға жетті. Су өндіру 501.338
мың тонна, сұйық өндіру 1510.416 мың
тонна, газ өндіру 36.4 млн.м
3
/тонна, қабат қысымы 11.28 МПа. І-кешенде
енгізілген бұрандалы сораптар саны 15, өндіру ұңғылар саны 58, су
айдау
ұңғысы 18-ге жетті. Сулану 29.6 пайыз, компенсация 56.96 пайыз. Ал су
айдау 978.435 мың тонна.
2006 жылмен салыстырғанда өндіру үңғылар саны мен су айдау ұңғылар
саны 13-ке өсті. Қабат қысымы бірқалыпты.
Кен орын бойынша техника-технологиялық көрсеткіштерін талдай келіп
қорытқанымыз кешеннің мұнай бергіштігін арттыру үшін
бұрандалы-
сорапты қолдануды жалғастыра беру керек. Себебі көрсетілген
экономикалық есептердің көрсеткіштері бойынша 2006
жылы енгізілген
бұрандалы сораптардан келетін тиімділік 70866.026 мың теңгені құрайды.
Бірнеше жылдар бойғы жинақталған тәжірибеден анықталғандай, Құмкөл
кен орнындағы коррозияға қарсы шаралар пайдалы және міндетті.
Құрал
жабдықтардағы коррозияны тежеудің нәтижесінде, олардың амортизациялық
кезеңі ұзарады, қосалқы шығындар азаяды және кенеттен болатын
апаттардың жолы алынады.