Факультет: Жаратылыстану Кафедра: Химия және химиялық технология Жоба Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата09.06.2023
өлшемі325,06 Kb.
#100217
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 
 
 
 
Факультет: Жаратылыстану
Кафедра: Химия және химиялық технология 
Жоба 
Тақырыбы: “ Құмкөл” кен орны 
Орындаған: МХӨТ-201 тобының студенті Маруова П.М_ 
Қабылдаған: Х.ғ.к. , доцент Сұлтамұратова З.Б. 
 
 
Ақтөбе-2023 



Мазмұны 
I. Кіріспе..............................................................................................3 
II. Өнімнің сипаттамасы………………………………………… 4-6 
III. Құмкөл кен орнының физика химиялық 
қасиеттері…………………………………6-8 
IV. Зерттеу әдістері………………………………………………..8-9 
V. Айдау өнімдері және процессі……………………………….9-12 
VI. Еңбекті қорғау………………………………………………..13-14 
VII.Қауіпсіздік шаралары…………………………………………14-16 
VIII. 
Қорытынды………………………………………………17 
IX. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………..18 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Кіріспе 
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіпшіліктің ең маңызды салаларының бірі 
болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді. 
Еліміздің әлуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай мен газ кен 
орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл 
кен орны жатады. 
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы 
Геология Министрлігінің Южказгеология ГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан 
экспедициясымен ашылды. 
Фонтанды ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік-Торғай 
ойпатының өнеркәсіптілік мұнай газдылығын растайды. 
1987 жылы ТМД-ның ҚЖМК-нің бекітуімен баланыстық 153208 мың 
тонна, алынатыны 89.442 мың тонна болып мұнай қоры бекітілді. 
Құмкөл кен орны Қазақстан Республикасы Жезқазған облысы Жезді 
ауданында орналасқан. Жақын елді мекен - Жосалы ауданы. Ол кен орнынан 
179 км қашықтықта орналасқан. 
Тұрандық ГФЭ "Казгеофизика" өндірістік геология бөлімі, аудан 
аймағындағы осы ұңғылардан 1983 жылы алдымен сейсмопрофильді 
іздестіру жұмыстары атқарылып, Кұмкөл ойпаңында болды. Арысқұм 
ойпатын бұрғылау нәтижесінде 1983 жылы 2-ші құрылымдық ұңғысынан 
мұнайлылығы жөнінен бірінші хабар алынды. Бұл 13541 сейсмопрофильді 
аймағында орналасқан. Юра шөгінділерінен алынған керндердең күшті 
жанармай иісі мен мұнай белгілері. 
1984 жылы "Оңтүстік Қазақстан геологияның" кен орны бөлімімен 
Құмкөл мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік 
Торғай ойпаты жаңа өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла 
бастады. 



Өнімнің сипаттамасы.
Кен орнынан орталық обылыстары Қызылорда 200 км, Жезқазған 174 км 
қашықтықта орналаскан. Кен орнынан шығысқа карай 116 км тас жолы өтеді. 
Қызылорда-Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 км аралықта 
өтеді. Кен орнынан 200 км шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай 
құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға терендігі 80-110 м 
жоғары бор су қабатынан алып пайдаланады. 
Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екендігі анықталып, 
ауыз су кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су скважинасынан тасып 
әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал 
шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық 
жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде 
барлық көлік түрі емін-еркін жүре алады. Ал қыс мезгілінде жолға қардың 
үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының 
географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 м биіктікте орналасқан. 
Алаңнан оңтүстікке қарай құмды Арыскұм массиві орналасқан. Ол 
түйіршік құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа 
қарай 15 км орналасқан, 60-70 м Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жерді бедер 
белгісі 150-200 м көтеріңкі плитасы бөліп тұр. 
Ауданның ауа-райы құбылмалы, тәуліктік ауаның температура 
тербелісінің ылғалдылығы өте аз мөлшерде. 
Жазда +30
0
, +35
0
С ыстық, қыста -38
0
, -40
0
С аяз. Жыл бойындағы түсетін 
ылғал мөлшері 150 мм-ге дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі. 
Оңтүстікте ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 км қашықтықта 
орналасқан. Жануарларды суару үшін, алаңға жақын жерден Қызылорда 
гидрогелогиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артеман 
ұңғысы бұрғыланған. 
Қазіргі кезде ГӨБ(ПГО) "Южказгеология" кен орны аймағында 
құрылыс материалдары бар екендігі анықталды. 



Құмкөл кен орнының кескіні жақсы зерттелген, шөгінді жыныстардың 
стратеграфиялық тұрғыда ажыралуы, және де кен орынның құрғақ жазық 
іргетас үстінде орналасқанды, ЮКНРЭ және ГАО «Өңтүстік мұнай газ» 
зерттеулерінің баяндамаларында анық көрсетілген. кeн oрнының қимacы 
мезозой, кайназой шөгінділермен көрсетілген. Арысқұм ойпатында жәнe кeн 
oрнындa мeзoзoй-кaйнoзoй 2 құрылымдық қабаттарға бөлінеді. Бөлінгендер 
аймақтық стратиграфияға үйлесімсіз.. Жоғарғы бор және юра: 
Юра жүйесі – J; 
Ортаңғы бөлім – J2. 
Ортаңғы юра шөгінділері дощан свитасына (J2d) бөлінген.Олар 
қабаттасқан 
түрде сұр аргиллиттен құралған. Свитаның ернеуіндегі бөлігіндегі жиі 
кездесетін біркелкі қабаттасқан құмтастар және аргиллит калыңдығы 12-ден 
56 м-ге дейін, ал газмұнайлы болып табылатын (горизонт Ю-ІV) свитаның 
төменгі жағындағы құрылымдық қабатында 4-6 м аралығындағы 
көмірқабаты бар. 
Бор жүйесі – К1. 
Аймақтық жуылу мен Қocкөл cвитacының бұрыштық құрылуынa 
келіспей төменгі және жоғарғы даул ярусшалары болып бөлінеді. Төменгі 
даул ярусшасы негізінде Арысқүм горизонтының құрамын ұстап тұрады, 
яғни Құмкөл кен ор- 
нында көрсетілгендей, кұммен және қоңыр сазды қабатпен карбонатты 
алеврол- ит және саздан құралған. 
Тектоника. Oңтүcтік Тoрғaй oйпaты Турaн плитасының солтүстік 
шығысында орналасқан. Ойпат бор пaлeoгeнінің тaбaн бoйындaғы кeнішінің 
шөгінділері теріс құрылым күйінде көрсетіліп, антиклинорий aрacынa 
тіркeлгeн жәнe oның оңтүстік жалғасышығыста, төменде Сырдария 
қосылған. Өз рeтімeн Oңтүcтік Тoрғaй ойпаты екі иілімге бөлінеді. Арысқұм, 
Майбұлақ ceдлoвинac- ынa бөлінгeн. Құмкөл aнтиклинaльды құрылымы 
Арысқүм иілімінің шегіне орналасқан. Бұндағы бoр-пaлeoгeн кeшeнінің 



қaлындығы 1500-1700 м-ге жетеді. Бұндағы триас-юра шөгіндісі өздігінен 
құрылымдық қaбaт құрып, eрeкшe маңызды болып, ең үлкен қалындықтың 
таралуы жәнe тoлық cтрaтигрaфиялық диaпaзoны жіңішке сызықтық 
грабенсинклиналы негізінде геофизикалық мәліметтер бoйыншa Aрыcқұм 
иілімінің шeгіндe субмеридиональды грабенсинклиналь бағытында 
тартылғаны анықталды. 
Мұнайгаздылығы. Aрыcқұм oйпaтын бұрғылaу нәтижecіндe 1983 жылы 
2-шіқұрылымдық ұңғысынан мұнайлылығы жөнінен бірінші хaбaр aлынды. 
Бұл 13541 сейсмопрофильді аймағында орналасқан. Юра шөгінділерінен 
aлынғaн кeрндe- рдeн күшті жaнaрмaй иісі мен мұнай белгілері жақсы 
байқалды. Aрыcқұм oйпaтындa жүргізілгeн гeoлoгия барлама жұмыстары 
нәтижесінде үш кешеннен тұратын oртaңғы юрa жәнe төмeнгі неоген 
шөгінділерінің мұнайлығына көз жеткізіп отыр. Шөгінділeрдің өнімді қабат 
қоры Құмкөл, Арысқұм және Қызылкия кeн oрындaрындa oрнaлacқaн. 
Aлaңнaн мұнай ағысын жоғарғы юра шөгінділерін сынау кeзіндe, қaбaт 
cынaғышпeн aлaды. Құмкөл кeн oрнындa өндіріcтік мұнaйлығының қоры 
юра шөгінділерінде орналасқан.
Сулылығы. Құмкөл кeн oрны Оңтүстік Торғай артезиан бассеинінің 
шегінде орналасқан. Кен oрнындa бaрлaу прoцecі барысында 22 сулылығы 
бар 22 объектісі ашылды. 
Гидрoгeoлoгиялық зерттеу материалдары бойынша 2,41 cулылығы бaр 
қабат 32 ұңғыға бөлінген. Құмкөл, Арысқұм алаңындағы бaрлaу ұңғыларын 
барлау нәтижecіндe, іздеу, гидрогеологиялық, құрылымдық, тереңкөрсеткіш 
ұңғырларын бұрғылағанда протезам cулы кeшeні Юрa, Бор, палеогенді, 
неогенді және төрттік шөгінділері бөлінеді. Ұңғылaрды cынaғaндa 
Құмкөлдeн минералдылығы 77,6 м су ағымын 1416 -1503 м aрaлығындa aлды 
Құмкөл кең орнының физика-химиялық қасиеттері: 
Mұнaйдың құрaмындa 20 % парафин, 14 % С+А Ю-V: жер бeтіндeгі 
мұнaйдың тығыздығы 0,81 - 0,82 г/см3 , қабат жағдайында 0,71-0,72 г/cм3. 
Кeн oрны бойынша жер бетіне шыққан мұнайдың орташа тығыздығы– 0,82 



г/cм3 , қабат жағдайында 0,735 г/см3. Мұнай жeңіл, Юрaдa aшық 
фракцияның үлесі 36-48 %, Мелда 45 %; бeнзин фрaкцияcы 21-27 %; төмен 
смолалық 5,1-7,2 %; пaрaфинды – 10-12 %. Мұнайдың газдылығы жоғары 
қарай қима бойынша Ю-IV бacтaп M-I шейін азаяды. 
ЮКГ фонтан ұңғымаларынан 100-ден астам ұңғы сынамаларын (VPP-300) 
пайдаланып, осы кен орнындағы көмірсутектердің физикалық және 
химиялық қасиеттерін зерттеп, анықтады. 
Юра және неоком шөгінділеріндегі көмірсутектердің құрамы өзгеріссіз. 1-3 
кестелер бойынша мұнай жеңіл (қабат жағдайындағы орташа тығыздық 
0,806 г/см3; газсыздандырылған күйдегі орташа тығыздық 0,815 г/см3), 
тұтқырлығы төмен (қабат жағдайындағы тұтқырлық) деген қорытынды 
жасауға болады. 3,5 МПа *c), шайырдың төмен мөлшері (шайыр мен 
асфальтеннің мөлшері - 3,5 - 9%), парафиннің жоғары мөлшері (парафиннің 
мөлшері - 5,8 - 17,8%) және күкірттің төмен мөлшері (шамамен 0,51%). Юра 
және бор горизонттарының мұнайларында да жеңіл фракциялар (320O С 
дейін) – сәйкесінше 39% және 46% болады. Зерттелетін кен орнының 
мұнайы ресми түрде жоғары парафинді болып саналады, сонымен бірге 
мұнайды алдын ала өңдеусіз дизель отынын алу үшін пайдалануға болады. 
Химиялық құрамы бойынша мұнай парафиндер класына жатады, өйткені 
оның құрамында 65 – 70% жеңіл фракциялы көмірсутектер бар. Нафтендік 
класта мұнайдың жалпы мөлшері 18 - 25%, хош иістілігі 10 - 15%. Мұнай 10 
– 170 С температурада, арнайы сынама алғыштарда – 24%-ға дейін қатады. 
Зерттеу нәтижелері бойынша температура мен кинематикалық 
тұтқырлықтың кері пропорционалдылығы анықталды. 
Құрамдас құрамы бойынша еріген газ 𝐶𝐻4 мазмұнына және техникалық 
шарттарға байланысты өзгереді. Бор шөгінділері газының юра 
шөгінділерінен айырмашылығы 𝐶𝐻4-тің аздығы (тиісінше 18-20% және 45-
60%), метан мен азот гомологтарының көп мөлшері. Зерттеулерге сәйкес, 
газ қалпақшасындағы бос газ құрамы бойынша еріген газдан (юра 
горизонттары) тікелей ерекшеленеді: құрамында 𝐶𝐻4 (57 - 78%) және N (10 



- 14%). Газ қалпақшасындағы идеал газдан ауытқудың түзетуі Ю-IV 
горизонтында 1,44, ал Ю-I және Ю-II горизонттарында 1,366, 
температуралық түзету 0,89. 
Құмкөл мұнайының барлық физикалық-химиялық қасиеттерін қарастыра 
отырып, негізгі қиындық оның құрамындағы парафиннің көптігі мен судың 
жоғары кесіндісінде деп қорытынды жасауға болады. 
Зерттеу әдістері. Оңтүстік Торғай ойпатының тиімділігі 1970 
жылдың бас кезінде жоғарғы палеозой шөгінділерімен байланысты. Магнитті 
және геология түсірген масштабы 1:500000 және 1:200000 аналогиялық 
Қостанай седловинасы бойынша Шу-сары су депрессиясымен аймақтық 
сирек тораптық сейсмологиялық кескіннің жұмысын орындап болғаннан 
кейін, Арысқұм мен КМПВ және жыланшық ғылыми-геологиялык 
зерттеулер жұмыстары нәтижесінде Юра-Триас грабеньсинклиналы (68-70) 
және мезозой қимасында жатады. Юра шөгінділерінің қимасындағы 2-қ 
құрылымдық ұңғысында, сонымен қатар 2-қ Арысқұм көрсеткіш ұңғысында, 
ал неоген шөгінділеріндегі 15-к құрылымдық ұңғысында мұнайдың алғашқы 
белгілері кездесе бастады. жақсы байқалды жане алынған керндердің 
беттерінде ала дақтар болды. 
Арысқұм ойпатында жүргізілген геология барлама жұмыстары 
нәтижесінде үш кешеннен тұратын ортаңғы юра және төменгі неоген 
шөгінділерінің мұнайлығына көз жеткізіп отыр. Осы жылы қосылған III-
горизонт ойпаңында, І-іздестіру ұңғысында бұрғылау жұмысы басталып, осы 
процесстерден кейін, 4-П сынау кезінде ақпан айының басында 1984 жылы 
жоғарғы шөгінділерінен мұнайдың алғашқы атқылау ағысы болды. Ал одан 
әрі жұмысын тереңдете түскенде юра шөгінділерінен мұнай және газдың 
атқылауы болды. Іздеу барлама жүмыстарының нәтижесінде 1984-1985 
жылдары Құмкөл кен орнын төменгі және жоғарғы және ортаңғы юра 
шөгінділерінде мұнай бар екендігі анықталды. Тұрландық геология-
геофизикалық экспедициясы тексергенде, Солтүстік Құмкөл пайда болды. 



Келешекті бұрғылау жұмыстары анықтады. Ал жалғасып жатқаны 
солтүстік синклиналь болып табылады. 1987 жылдың басында қайта өңдеу 
нәтижесінде сейсмологиялық материалдың қиындатылған бағдарламасы 
бойынша Қазақстан методикалық тәжірибе экспедициясы батыс және шығыс 
учаскелері құрылды. 
Құмкөл кен орнымен қилысатын жері өнімді қабат болып табылады. 
Маңғышылақ мұнай бірлестігі 1987 жылы кен орнында пайдалану, бұрғылау 
жұмыстарын бірге атқарды. 
Құмкөл экспедициясы 1988 жылдың қаңтар айынан бастап Құмкөл 
мұнай бірлестігінің МГД-5 қарамағына беріліп, өздігінен мекеме болып 
саналады. 
1985 жылы Тұрлан геологиялық барлау экспедициясы мен Құмкөл кен 
орнының солтүстікке қарай жаңа саты анықталды оны кейін солтүстік Құмкөл 
сатысы деп атады. Кейінгі бұрғылау нәтижесінде осы саты Құмкөлдің 
солтүстік синклиналды жалғасы екендігі мәлім болды. 
1986 жылы Құмкөл кен орнының орталық бөлігінің барлау жұмыстары 
негізінен аяқталды. Сол себептерден геологиялық барлау жұмыстар кен 
орнының солтүстік бөлігіне ауысты. 
1987жылы солтүстік, шығыс, батыс аймақтарының құрылымы 
жақтыланып, кен орнына шекаралас жатқан бөліктердің өнімділігі 
анықталды. 
Қазіргі кезде Құмкөл кен орны ПетроКазақстан компаниясымен 
игерілуде. Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен 
өндіріледі. 
Айдау өнімдері және процессі. 
Кен орнын игеруде мұнай алуда қабат энергиясының жете бермейді. 
Жоғарғы коэффицетті мұнай бергіштік және тез арада керек орында мұнай 
алу үшін. Қазіргі кезде қабат қысымын үстау (ППД) әдісі көп қолданылады. 
Бұл үшін жиынға су немесе газ айдау арқылы іске асады. 


10 
Қабат қысымын ұстау үшін, қабатқа табиғи суларды және жер асты 
суларын құрамына минералды тұздармен эмульсиясы бар суларды айдауға 
болады. Құмкөл кен орнының ауданы көп жағдайда өзара жалғасқан ондаған 
тұзды келдермен қоршалған. Олар жауын-шашынмен және мұнаймен 
өндірілген сулармен толып тұрады. Барлық мұнай горизонттары өзара жақын 
орналасқан. Мұнаймен бірге өндірілген қабат сулары рельефтің төменгі 
учаскелеріне айдалады, бұдан грунтты судын деңгейі кетеріледі және 
сорлардың аумағы үлкейеді. 
Грунтты сулардың деңгейі 0,15-0,45м аралығында болады. Грунтты 
сулардың деңгейі өндіріс сорларының жоғарғы қабатында болады. Негізінен 
айдау ұңғылары арқылы пайдалану ұңғысынан сорға жіберілген сулар 
айдалады. Табиғи сулардың бойында аз мөлшерде минералды тұздар, әртүрлі 
газдар, механикалық қоспалар болады. 
Жоғарғы қабат және жер асты суларында сондай-ақ микро-организмдер 
кездеседі. Әртүрлі дәрежедегі әрбір жұмсалған судың компонеттері қабатқа 
су айдау процесіне әсер етеді. Сондықтан су айдау процесін жақсы сапалы 
сумен қамтамасыз ету керек. Айдалатын судың құрамындағы механикалық 
қоспалар мен микроорганизмдер фильтрацияның жоғарғы қабатына 
құйылады. Ол өнімді қабаттың өнімділігін, айдау ұңғыларының қабілетін 
азайтады. Мысалға, құрамында хлорлы кальций тұзы бар сульфатты суды 
айдау - ерімейтін гипс түнбасының түзілуіне экеліп соқтырады. 
Бұндай жағдайда қабатқа су айдауға қаныққан күкірт сутекті сұйықтық 
айдалатын болса, онда құрамында темір мен оттегі бар су пайдаланылады. 
Қуысты ортада тотығу жүріп соның нәтижесінде қатты гидраттардың 
тұңбасы түзілуі мүмкін. 
Құмкөл кен орнында суға микробиологиялық талдау жүргізілген жоқ. 
Жиынға айдалған тығыздалаған су, кей-кезде коллектордың қасиетінің басты 
себебі болуы мүмкін. Қабатта белгілі бір мөлшерде саз болса, су айдау үшін, 


11 
тығыздалған су емес, минералды сулар, құрамында саздың ұлғаюына 
ешқандай жол бермейтін заттары бар сулар қолданылады. Олар керісінше су 
айдау ұңғысының жұтылу қабілетін жақсартады. Су айдау ұңғыларының 
жұтылу қабілетінің нашарлауы - қабатқа су айдалатын темір құбырлардың 
коррозияға ұшырауына әкеліп соқтырады. Қабатқа айдалатын суды 
пайдалану кезінде металл құбырларда химиялық және электрохимиялық 
заттану жүреді. Құбырдың тоттанған өнімдері ұңғының түп аймағына түсіп 
қысқа уақытқа осы ұңғының қабылдауын 0-ге дейін азайтуы мүмкін. Көп 
кезге дейін ұңғыдан мұнай мен бірге өндірілген қабат суларына аса көңіл 
бөлінген жоқ. 
Қазіргі кезде мұнаймен бірге өндірілетін судың көлемінің көптігіне 
байланысты қабат суларын талдауға және оны кері айдауға көп көңіл 
бөлінеді. 
Қабат суларын талдау қорытындысы оны қайтадан қабатқа айдауға 
жарамдылығын анықтауға қолданылады. 
Ұңғыдан мұнаймен бірге өндірілген қабат сулары әртүрлі кен 
орындарында өзінің құрамымен айырылады. Олардың құрамында минералды 
тұздардың еруі, газ және микроорганизмдер болуы мүмкін. Қабат сулары 
әртүрлі химиялық құрамда болуы мүмкін. Сондықтан оларды екі негізгі топқа 
бөледі: 1) тығыз хлорлы кальцийлі немес хлорлы кальций магнийлі, 2) сілтілі 
немесе гидрокарбонатты натрийлі: Қабат суларының көпшілік бөлігінің 
құрамында, мұнай кен орындарында басты бөлігі хлорлы натрий, хлорлы 
кальций болып келеді. 
Жаз уақытында сордағы тұздардың концентрациясы 22-24-ке дейін
болады, соның өсерінен құрамындағы қоспаның ұлғаюына байланысты 
қондырғылардың жұмыс істеуін қиындатады және түп аймағын ластайды. 
Барлық тәсілдерде суды өндеудің ең негізге сипаттамасы оның құрамында 


12 
сутек иондарының концентрациясына байланысты. Бұл арқылы сулы 
ерітінділердің қышқылдық және сілтілік ортасын анықтайды. 
Тәжірибе жүзінде судың классификациясына қарап, мынадай 5 топқа 
бөледі: 1) қышқылды РН-тан 3-ке дейін 2) өлсіз қышқылды РН-тан бастап 4-
6-4 арасында, 3) нейтралды РН-7, 4) әлсіз сілтілі 8-10 дейін, 5) сілтілі 11-14-
ке дейін. 
Құмкөл кен орнындағы жер асты сулары тығыздалған ауыз суға 
қарағанда, өзінің минералдануы шапшаң өсуімен айқындалады. Басқа да 
белек мұнай горизонттарының терендігіне игерудің екінші әдісіне, 
горизонттар арасындағы гидродинамикалық байланыстарға және горизонттар 
беттеріне байланысты. Пайдалану ұңғыларынан алынған судың құрамында 
микрокомпонеттер, бром, иод және бор кездеседі. Суды химиялық тексеру 
оның химиялық қүрамдарын қазбалардың мұнайлылығын сақтауда тиімді 
екенін көрсетеді. 
Қабатқа айдалатын сулардың жарамдылығы лабораториялық жағдайда 
фильтрациялық жолымен анықталды. Қабатқа айдалатын тығыз сулардың 
сапасына баға беру олардың құрамындағы темірге байланысты. Айдалатын 
судың сапасын реттеу әрбір кен орындарының коллекторлы қасиетінің 
есебінен жүзеге асырылады. 
Механикалық қоспалардан басқа нұсқа ішінен және сыртынан өнімді 
қабаттарды игеруге әртүрлі микроорганизмдер және айдалатын судың 
құрамындағы организмдер кіреді. 
Технологиялық құрал-жабдықтардан (резервуарлар мен аппаратар) 
зиянды заттардың бөлінуінің себептеріне төмендегі жағдайлар жатады: 
а)фланц қосындысының саңылаусыздығы сақталмауы; 
ә)коррозияның нәтижесінде апаттың болуы; 
б)құбырлардың жарылуы; 
в)жөндеу және алдын алу жұмыстарын кезіндегі ақаулардың орын алуы; 


13 
Үстінгі сусақтағыш қабаттар мұнай өңдіру кезінде мұнаймен және жол-
жөңекей алынған сумен ластанады. Мұнайдың құрамында улы заттың болуы 
ауыз су мен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын сулар кері әсерін тигізеді. 
Еңбекті қорғау.
Қондырғыларда жұмыс істеу кезінде мұнай өндіру 
объектілерінде қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің жалпы талаптарын 
сақтау қажет. 
Мұнай өнеркәсібінің ерекшеліктері ең алдымен мұнай мен мұнай газының 
физикалық-химиялық қасиеттеріне, олардың белгілі бір жағдайларда 
жарылғыштығына және улылығына байланысты. 
Жұмыстың көп бөлігі жоғары қысымның пайда болуымен бірге жүретін 
технологиялық процестерді қолданумен байланысты. 
Мұнай және газ өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіптік қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау қызметі кәсіпорында қызметкерлердің салауатты және 
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттануды, 
кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау, нормаларды, 
ережелерді, нұсқаулықтарды, заңнамалық актілерді сақтау бойынша 
жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылады. және еңбекті қорғау және 
өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша басқа да нормативтік актілер. 
Құрылымдық бөлімшелерде қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын 
жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, өндірістік 
жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу шараларын енгізу. 
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды, жазатайым оқиғаларға әкеп соқтырған 
жазатайым оқиғалар мен өрттерді тексеру және олардың алдын алу 
шараларының орындалуын бақылау. Қауіпсіз еңбек әдістері мен тәсілдеріне 
өндірістік оқыту оқу зертханаларында, цехтарда, учаскелерде, цехтарда, 
кәсіпорындарда арнайы құрылған жұмыс орындарында, оқу орындарында 
оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің (нұсқаушысының) немесе 
біліктілігі жоғары жұмысшының басшылығымен жүргізіледі. 


14 
Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларды еңбек пен 
демалыстың ұтымды режимі, ұжымдағы қызметкерлер арасындағы қолайлы 
қарым-қатынас, физикалық шамадан тыс жүктемеге қатысты өндірістік 
процестерді механикаландыру және автоматтандыру, жүкті қолмен 
тасымалдау нормаларын сақтау арқылы бейтараптандыруға болады. 
Қауіпсіздік шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет