Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БӨЖ
Факультет:”6В01402”Визуалды өнер,көркем еңбек,графика және жобалау
Тақырып: Тәрбие тұжырымдамасының тұлға тәрбиесіндегі маңызы, Білім беру - адамның тұлғалық және кәсіби дамуының факторы. Қазіргі жағдайда білім берудегі басымдық.
Орындаған: Өтелбай Жансая
Тексерген: Садыкова М. К.
2022-2023
Тәрбие тұжырымдамасының тұлға тәрбиесіндегі маңызы
Педагогика ғылымында “тәрбие” терминіне әрқашан ерекше мән берілген болатын. Көптеген жылдар тәрбие “Тұлғаның дамуын басқару” деген анықтама беріліп кел, “Педагогика” деген сөздің мәні, мазмұндық ауқьш біртіндеп кеңейіп, “Баланы өмірге үйретудің шеберліі деген мағынаға ие болды, яғни ол баланы оқыты тәрбиелеу, оның рухани және физиологиялық жағын; өсіп-жетілуін басқарып, бағыттау деген сөз. Соныме бүгінгі педагогика ғылымына ең қысқа және дәл анықтаи беру керек болса, оны “адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым деп атаған болар едік. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағына; балаға әрі білім беру, әрі тәрбие беру, әрі дамыту мағынасында қолданылып отыр.
Тәрбие теориясы педагог-практиктерді кәсіптік біліммен қаруландыра отырып, әр жастағы, топтардағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдістәсілдерін меңгеруге, тәрбие ісінің нәтижесін алдын ала болжауға және оны жоспарлап, іске асыруға мүмкінді туғызады, тәрбиенің нәтижесін анықтаудың тиімді деге ғылыми жолдарын қарастырады. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыдан анықтауда педагогика оны жалпы тұрғыда қарастырмайды. Қоғамның тарихи дам сатысындағы тәрбиенің белгілі мақсаты мен міндеттері айқындай отырып, оның сол қоғамның тілек-мүлделерін сай келуін зерттеп іздестіреді. Бұл жағынан алғанда педагогика іргелі ғылым болып саналады, сондай-ақ тәрбие теориясына сүйене отырып, оқу-тәрбие жүйесі құрудың жолдарын, оны іске асырудағы әдіс-тәсілдерді сөз етеді. Сөйтіп, қолданбалы ғылымның ролін атқарады. Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатт болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер.Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.Тәрбие мақсаты -ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.Тәрбие мақсаты -бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған.
Тәрбие мақсаты -педагогиканың ең маңызды мәселесі. Тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі- дүниетаным. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлері мен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.Эстетикалық тәрбие міндеттері:бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыруэстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |