Когнитивтік лингвистика ғылымының лингвистика ғылымының басқа салаларымен байланысы
Орындаған: Ордабекова Л.
Қабылдаған: Оразбаева Э.
КІРІСПЕ
Тіл білімінің теориясы мен тарихын жақсы түсіну үшін ХІХ ғасырдағы жаңа ғылыми бағыттардың, ағымдардың, көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің ерекшеліктерін ажырата білу керек. Жаңа ғылыми бағыттар мен ағымдардың туындауына негіз болған басты себептердің бірі – тілге деген жаңаша түсінік, түрлі анықтамалар мен оның өзіндік мәнін, ерекшелігін, қызметін айқындауға байланысты айтылған пікірлер мен сан алуан көзқарастар еді.