Факультеті : Тарих,археология және этнология Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата10.12.2023
өлшемі172,31 Kb.
#135521
1   2   3   4
Типологиялық әдіс 
– бұл материалдарды әртүрлі әдіспен түрге бөлу болып 
табылады. Типологиялық әдіс артефактілердің барлық жиынтығын қамтиды, ол 
археологиялық ғылымның әдіснамасында орталық әдіс болып табылады. 
Типологиялық әдісдің ғылыми түрде дамуы ХХ ғасырдың басына жатады. 
Типологиялық зерттеу тарихи-мәдениеттегі бас болжағыш әдіс болып табылады. 
Бұл әдіс формаға және айшықтауға, заттай істеп шығарған материалға, оның 
функциялық құрылымын анықтап, уақытық көрсеткішін айқындайды. 


Көне бұйымдардың жасалған орнын анықтау үшін де техникалық әдістер 
қолданылады. Спектрография әдісі әр түрлі өндіріс орталықтарынан көне 
шынының құрамы әр жердің географиялық ауқымы бойынша әртүрлі 
болатынын және азды-көпті тұрақтары болғанын көрсетеді. Темірден де, түсті 
металдардан да жасалған объектілерді металлографиялық талдау бұйымдарды 
дайындаудың технологиялық әдістерін нақтылауға мүмкіндік береді, бұл 
сонымен қатар олардың жасалған орнын бағалау үшін құнды материал береді.
Металлография
– металл құрылым зерттеудің негізгі әдістерінің бірі болып 
табылады. Металлографиялық зерттеулер макро және микро анализді қамтиды. 
Микроанализ арқылы металл құрылымынның егжей – тегжейлі суреті 
қалыптасып, оның ішіндегі түйіршік мөлшері, күйіктердің, әртүрлі 
қосындылардың қүрылымы анықталады. Металлография – металдың қасиеттерін 
анықтаудың оптикалық әдісі болып табылады. Яғни ол үшін микроскоп 
қолданылады. Қазіргі уақытта метталлография металдың орналасуын, құрамын, 
пішінін және сипаттамаларын зерттеумен айналысады. Металлографияда 
негізінен талдаулар жүргізіледі. Оның көмегімен металдың барлық қасиеттерін 
білуге болады. Сонымен қатар металдың сипаттамаларында сипаттауға 
мүмкіндік береді. Сол арқылы металлдың қаттылығы, беріктігі, иілгіштігі, 
төзімділігі анықталады. Металдың құрылымы мен құрамын зерттеу арнайы 
зертханаларда жүргізіледі. Олардың қорытпаларын зерттейтін әдістер бар. 
Осыған орай зерттеулер кезең – кезеңімен жүзеге асырылып отырады. 
1)
Алдымен металдың жұқа жылтыратылған пластмассалары дайындалады. 
Яғни қималары, 
2)
Содан кейін оларды өңдеу іске асады, 
3)
Үлгінің құрылымы микроскоппен зерттеледі, 
4)
Соңында суреттер талданып, талдау нәтижелерінің сипаттамасы 
дайындалады.
Металлографияның археологиядағы тағы бір ерекшелігі металдың не себепті 
қолданғанын біруге болады. Оның жұмырлығы, беріктігі, иілгіштігі ескеріліп, 
сипатталады. Заттың өндірілетін орны ең көп дәрежеде үш көрсеткіштің: заттың 
түрі, ол жасалған материалдың құрамы және оны өңдеу технологиясының 
жақындасуымен анықталады. 
Қорыта айтқанда жаратылыстану ғылымдары тарихты айқындауда жоғары 
дәрежеге ие сала. Әсіресе археологиялық мәліметтерді жинап, жүйелеп, 
зерттегенде осы жаратылыстану ғылымы көмекке келеді. Археологиялық 
мәліметтер ғылыми түрде терең зерттелуді талап етеді. Осы кезекте нақты 
мерзімдеу барысында жаратылыстану ғылымдары абсолюттік нақты 


хронологияны дәлелдеп береді. Осы үшін оның алатын орны археология үшінде, 
тарих үшін де және басқа да қосалқы пәндерде жоғары. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
● Д.А. Авдусин « Основы Археологии» Москва, 1989 г 



Document Outline

  • СӨЖ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет