Факультеті Бағдарламалық қамтамасыз ету



бет9/60
Дата27.12.2022
өлшемі2,27 Mb.
#59900
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Байланысты:
5-Дарис консп

Қатты диск геометриясы
Жинақтаушының пластиналары металдан немесе әйнектен жасалады және екі жағынан да ақпараттарды жазуға болатын магнитті қабаттан құралады. Магнитті беттері өңделеді және ферромагнитті қабықпен қапталады. Өңдеу материалдары және оның көлемі әр жинақтаушыда әр түрлі болады. Әр жұмыс бетіне бір бүркеншік сай келеді. Пластина беті өте жіңішке концептрлік сақиналы зонаға бөлінеді, ол дорожка деп аталады. Ал әр дорожка бірнеше сектор деп аталатын учаскелерге бөлінеді.
Секторды екі облысқа бөлуге болады: Мәліметтер облысы және көмекші ақпараттар облысы.
Көмекші ақпараттар өндіруші зауытта пластина бетіне бір рет қана жазылады да, әрмен қарай оны түзетуге болмайды.
Көмекші аймақ жинақтаушыдағы сектордың уникалды адресі болады, ол арқылы контролер жазу кезінде немесе ақпараттарды оқу кезінде оны тез таниды.
Мәліметтер облысы жинақтаушыға жазылған пайдалы ақпараттарды сақтайды. Бұл облыс қолдану уақытының барысында өзгертулерге ұшырауы мүмкін. Сектордың мәліметтер облысы түгелімен ғана жаңартылады. Барлық бүркеншіктер синхронды түрде орындарын ауыстырады және бұл процесс біраз уақытты талап етеді.
Бүркеншіктердің өзгермейтін кезіндегі дорожкалардың жиынтығы цилиндр деп аталады. Дискілік жүйенің өндіргіштігінің көзқарасы жағынан бірінен кейін бірі мәліметтерді бір цилиндр шеңберінде орналастырылғаны дұрыс.
Қатты дискінің негізгі мінездемелері
Қатты дискінің көлемі оның қолданушылары үшін ең негізгі мінездемесі болып табылады. Ол қатты дискінің корпусындағы пластиналар санына және бір пластинаға жазылатын информация тығыздығына тікелей байланысты. Пластина жазылатын ақпараттардың тығыздығы қатты дискілердің бағасын төмендетуге алып келеді. Қазіргі заманғы пластиналар алюминийден немесе әйнектен де жасалады.
Жылдамдық. Қатты дискінің 2 негізгі параметрі – ол ақпараттарды оқу, жазу жылдамдығы (Transfer Rate). Ол ең біріншіден дискідегі пластиналардың айналым жылдамдығына байланысты ақпараттарды оқудың жылдамдығына жоғарыдағы қарастырылып кеткен жазылудың тығыздығы да әсер етеді.
Қол жеткізу уақыты. Бұл ақпаратқа қол жеткізу уақыты (Access Time). Бұл дискідегі дорожкаларды іздеу мерзімі болып табылады. Ол негізінен дискінің айналу жиілігіне тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет