Факультеті Бағдарламалық қамтамасыз ету



бет2/60
Дата27.12.2022
өлшемі2,27 Mb.
#59900
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейтқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011


2-Дәріс
Тақырыбы: Сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері
Жоспар:

  1. Санау жүйесі және оның түрлері

  2. Сандарды ондық санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару

  3. Басқа санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аудару

  4. Екілік санау жүйесіндегі сандармен орындалатын арифметикалық амалдар

Санау жүйесі


Санау жүйесі – сандарды жазуға арналған ережелер мен арифметикалық операцияларды орындау мүмкіндігін беретін арнайы сандар жиыны. Санау жүйесі - санды атау және жазу әдістерінің жиынтығы. Санау жүйесі позициялық және позициялық емес болып, екіге бөлінеді.
Позициялық емес жүйеде сандардың мәні (салмағы) оның тұрған орнына (позициясына) байланысты болмайды, мысал ретінде латын алфавитін пайдаланып жазылатын рим сандарын айтуға болады: ССLХVII (100+100+50+10+7), қай жерде тұрса да С – жүз, L – елу, т.с.с.
Позициялық санау жүйесінде әр санның мәні оның тұрған орнына сәйкес, мысалы 777,7 санындағы алғашқы 7 саны – 7 жүздікті, екіншісі – 7 ондықты, үшіншісі – 7 бірлікті, соңғысы – бірдің 7/10 бөлігін көрсетеді.

Кез келген позициялық жүйе өз негізі арқылы ерекшеленеді, олар екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелері. Әр санау жүйесінде негізі q сандардың жазылуын келесі өрнек арқылы көрсетуге болады:



мұндағы – санау жүйесіндегі сандар, п мен т санның бүтін және бөлшек бөліктері. Мысалы, 125,4 санын түрінде жазуға болады. Жалпы полином ретінде келесі формуланы пайдалану қажет:
, (1)
мұндағы A – сан, p – санау жүйесінің негізі, n – жоғарғы разряд нөмірі, m –төменгі разряд нөмірі, k – ағымдағы разряд нөмірі. ӘЕМ-мен жұмыс істеген кезде екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелері қолданылатыны белгілі.
Кез келген ондық сан белгілі бір ереже арқылы екілік санға айналады және екілік санды қайтадан ондық санға айналдыру қиын емес. Ал әріптер мен символдарға келетін болсақ, олар ретті түрде жазылып, әрқайсысы тұрған нөміріне сәйкес екілік кодқа ие болады. Екілік сандарды ондық сандар тәрізді қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.
Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру ережесі қиын емес, ол үшін мына жолдарды қарастырайық.
Ондық сан: 010 110 210 310 410 510 610 ... 1010 1110
Екілік сан: 02 12 102 112 1002 1012 1102 ... 10102 10112
Мұнда жоғарғы жолда 1-ден 11-ге дейінгі ондық сандар, ал төменгі жолда соларға сәйкес екілік сандар жазылған. Санау жүйелерінің арасындағы сәйкестілік 1-кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет