«О дүниеге хат» өлеңі
Тақырыбы: Саттарға айта бар;
Идеясы: Дүниеден өткен ақынды аққан жұлдызға теңеп, оған тірілерден сәлем жолдап тұр. Күннің қайта жадырап шығып, құстардың қайта баққа оралғандығын,осы жазған хаттарын досына жеткізуін айтады;
Авторлық ұстаным: Өмірден өткен досына деген сағынышы. Өзінің жазған өлеңдері мен хаттарының оған жетпесін білсе де, өлең жазу арқылы сағынышын басу;
Өлеңдегі көңіл-күй: жабырқаулы, сағыныш сезімі;
Жанры: поэзия, көңіл-күй лирикасы.
Трагедия бар өйткені қайтыс болған адамға арнап айтып тұр.
Ажал сыры түйсігінде сақгалған
Ғазал сыры мәлім болған Саттардан.
Қыршын кеткен ақын көрсең сәлем айт,
Жиырма үшімде ұшып кеткен, сырлас қыз.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Факультеті: Филология
Мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Тақырыбы: Дәстүр жалғастығы
Орындаған: Алашыбай А.Қ.
Қабылдаған: Бегманова Б.С.
Алматы-2023
«Күлтегін» (үлкен жазуы)
Биікте Көк Тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Үстемі қаған отырған
Отырып,түркі халқының ел-жұртын
Қалыптастырған,иелік еткен
Т.Медетбек «Көк түріктер сарыны»
Ұлдарымыз
Алпаң-алпаң жүретін,
Балпаң балпаң басатын
Қаншалардың шымылдығын
Найзасының ұшымен ашатын.
Жолбарыстарды алып ұрып,
Сүтін ішетін,
Сөйтіп шөлін басатын,
Арда болсын.
Ұқсастығы:
Идеялық жағынан екі өлеңде ұқсас. Екі өлеңде де түркілік сарын бар, рух беретін өлең, екі өлеңде де біздің батыр бабаларымыздың бойындағы батырлық қасиеттерін айқындап тұр.
Айырмашылығы:
Т.Медетбектің өлеңінде ұйқас бар.
Ақтамберді жырау «Күлдір де күлдер кісінетіп»
Пышақтан малым кетпесе Қазаным оттан түспесе Ауылдан топыр үзілмей Ошақтың оты өшпесе
Т.Медетбек
Қазаны түспей ошақтан,
Ошағы оттан сөнбейтін,
Төрт жастағы баласы
Дөнен аттың үстінде
Шіреніп тұрып сөйлейтін,..
Дүние не боп барады?
Екі өлең идеясы жағынан бір-біріне қарама-қарсы. Яғни,бірінші өлеңде елі мен жұртының қамын жеген, ертеңі үшін алаңдаған жыраудың ішкі толғанысы болса, екінші өлеңде халықтың ата салттан аттап, кішінің үлкенге қарсы шыққанына қынжылған ақынның жан дүниесі суреттеледі. Сол себепті бұл жерде синтаксистік параллелизм бар.
Екі өлеңде қара өлең ұйқасымен жазылған.
А.Құнанбайұлы «Оспанға»
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай,
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек, жомарт құбылмай,
Жақсы өмірің бұзылмай,
Жас қуатың тозылмай,
Жалын жүрек суынбай,
Жан біткеннен түңілмей.
Ұлықбек Есдаулетов
Жай осы!
Жыл артынан жыл көшеді,
Жаныңменен жапырақтар тілдеседі
Жараңдар
Жүрегіңде жатқан шерді
Жүзіңнен оқымаса білмес еді.
Аллитерация
Тақырыбы мен идеясы жағынан екі өлең екі түрлі. Дегенмен екі өлеңдегі ұқсастық дауыссыз дыбыстардың қайталануы,яғни аллитерация.
Достарыңызбен бөлісу: |