Факультеті: Филология Мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» Тақырыбы



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі4,51 Mb.
#116002
1   2   3   4
Байланысты:
Аршын Алашыбай

Жанры: поэзия, әлеуметтік лирика.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: Филология
Курс: 4
Пән: Әдеби үрдіс және сын мәселелері
Тақырыбы: Маралтай Райымбекұлы
Орындаған: Алашыбай А.Қ.
Қабылдаған: Бегманова Б.С.
Алматы - 2023
1969 ж. Сарысу ауданы, Игілік ауылында туған
Тұңғыш кітабы «Ай-нұр», 1996 жыл;
Екінші жинағы «Ай» (2000), «Жазушы» баспасынан шықты.
Бұдан бөлек:
«Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан толқын туады», «2000 жылдық Дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген.
Жалғыз арман!..
Қайтейін сені даттап ей, жалғыздық,
Санасы бардың бәрі жалғыздардан...
Жаратқан жұп-жұбымен жаратқасын,
Жұбыңнан басқаға күн қаратпасын.
Талақ қып тастағаны аздай
Тағдыр —
Тобырдын, мазағына талатқасын...
Өз жанын қорлық буып,
Күйеленіп,
Тағдырың өзі қайта иеленіп,
Қырғидай қиып түсер бір еркектің
Астында қалды сосын... сүйегі еріп.
Көтеріп нәзік жүрек ба-а-р құсаны
Зар қылып,
Зарықтырып жар құшағы.
Мысалы сыңары өлген ақсұңқардай,
Қасынан қалбалақтап қарға ұшады.
Арды ойлап,
Бір жағынан нәпсі қысып
О, бейбақ,
Төсегінде жатты ысынып...
Жібермей ер аруағы, иба-иманы
Ләззат ап тояттауға жатты құшып.
Қайыңдай жел өтінде жалғыз қалған,
Жалқы өмір бір — бір тұңғиық.
«Жесір» өлеңі
Тақырыбы: Жалғыздықты көтерген нәзік жүрек;
Идеясы: Күйеуінен жалғыз қалған жесір әйелдің ел алдында ар-намысынан жұрдай болмас үшін, өзінің Тәңір қосқан жарына мәңгілік адал болуы үшін, ешбір еркектің етегінен ұстап кетпей мәңгі жалғыздық құрсауындағы өмірді таңдағандығын жеткізу;
Авторлық ұстаным: Әйел арының махаббат алдында биік екенін көрсету;
Өлеңдегі көңіл-күй: жабырқау;
Жанры: поэзия, көңіл-куй лирикасы.
Өлеңде асқақтық бар. Себебі, автор өз кейіпкерін (жесір әйелді) мінсіз тұлға ретінде көрсетеді. Қанша нәпсісіне еріп, басқа жанмен көңіл қосқысы келеді бірақ, өзінің жарына деген махаббаты мен құрметі, жүрегіндегі иманы жібермейді.
Арды ойлап,
Бір жағынан нәпсі қысып
О, бейбақ,
Төсегінде жатты ысынып...
Жібермей ер аруағы, иба-иманы
Ләззат ап тояттауға жатты құшып.
Алтын шашын тарқата алмай батқан Күн,
Арыстай боп Ай астында жатқан кім?!
Ағып барып жоқ боп кеткен сәріде,
Анау жарық жұлдыз ғой Саттардың.
Тас түнекті тас төбеден қашырып,
Әппақ өлең бара жатыр шашылып.
Сүттей сәуле Кұсжолыңа сіңгенде,
Алқаракок кеңістікке асылып.
Бақыт бар деп босқа өткізіп күндерін,
Сүйретіп құр сүлдерін.
Амалы жоқ ақпаған соң жұлдызы,
Қанаты жоқ, қайғы жұтып жүр дегін.
Құстар қайта қонып жатыр бақтарға,
Осылай деп бұлжытпай айт Саттарға.
Бататын Күн шығу үшін батады,
Жалғыз біз бе жетпей кеткен ақ таңға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет