Факультеті: Филология


,2.Әлеуметтану және әлеуметтік философия



бет3/7
Дата30.06.2023
өлшемі186,66 Kb.
#103880
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БӨЖ Әлеуметтану

2,2.Әлеуметтану және әлеуметтік философия.
Әлеуметтану және әлеуметтік философия. Әлеуметтік философия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі.Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық мәселелерді шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Әлеуметтік философия мен әлеуметтанудың зерттеу объектілерінің бір-біріне дәл келетін тұстары өте көп. Әлеуметтік философия да, әлеуметтану да қоғамды тұтас, әлеуметтік жүйелі ретінде, оған енетін бірліктерін интегралдық құылым ретінде қарастырады. Әлеуметтік философия қоғамдық проблемаларды қисынды ой-толғаныс тізбегінде дамитын белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа ала отырып шешеді. Әлеуметтану болса басқа қоғамдық ғылымдардың нәтижелерін пайдалана отырып, эмпирикалық тексерілетін әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға, осы ғылымның шеңберінде алынған тиісті эмпирикалық мәліметтерді тұжырымдауға сүйенеді.
Әлеуметтану және тарих. Тарих-ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі.Тарих қоғамды хронологиялық жүйемен нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен тарихи оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік – уақыттық тұтастық ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды.Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды.Бір айырмашылығы, ғылым ретінде әлеуметтанудағы ең басты нәрсе-өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру,берілген әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің қайталанатындарын, түрпаттылатын, мән-мағыналық заңдылықтарын бөліп қарау.Сонымен әлеуметтану тарихқа қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып табылады.Іс жүзінде әлеуметтану тарих беретін мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді.
Әлеуметтану және саясаттану. Әлеуметтану пәні мен саясаттану арасында өзара байланыс бар.Олар:әлеуметтік қауымдастықтар,әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады;саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады;саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын анықтайды.Саясаттану ғаламдық қоғам құрылымының бір ғана саласын, яғни биліктің ұйымдастырылуын зерттейді. Бірақ саясаттану бұл саланы қатаң ғылыми әдістерімен осы құрылымның басқа бөліктерінің байланыстыра қарағанда ғана зерделей алады.Бұл саяматтанудың саяси құрылым мен саяси институттарды, саяси биліктің құрылымдары мен ұйымдастырылуы сипаттамаларын зерделегенде, әлеуметтану ашатын ғаламдық қоғамның құылымына жататын заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді.Әлеуметтану жеке топтары мен жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастары және саяси құрылымын, олардың қоғамдық құбылыстар ретіндегі мән-мағынасын айқындау мақсатында зерттейді.Әлеуметтану және психология. Егер әлеуметтану өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды,яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді.Психологияның пәні болып табылатындар-адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері.Әлеуметтану да, психология да адамды және оның мінез-құлқын зерделейді.Алайда олар мұны өз пәндерінің ерекшеліктері тұрғысынан әр түрлі жасайды. Дегенменде олар өз пәндерін зерделеген кезде үйлесімді бағыт ұстанады және олардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас бар деп айтуға болады.
Әлеуметтану және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады,экономика өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтану экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғандай,экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттармен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі. Бұл да экономикалық және әлеуметтік ғылымдардың өзара әрекетін нығайта түсуді талап етеді.
Егер де экономика ғылымы қоғамдық өмірдің бір ғана, мейлі өте маңызды саласының заңдылықтарын зерттейтін болса, әлеуметтану қоғамның тұтас дамуының негізінде жататын және оның барлық, соның ішінде экономика салаларында ерекше көрініс табатын неғұрлым жалпы және кең ауқымды заңдылықтарын зерттейді.
Сонымен әлеуметтану мен өзге қоғамдық ғылымдардың арақатынасы туралы мәселеде, солардың өзара тығыз байланысы, қоғамдық өмірді шынайы зерттеуде бұл ғылымдардың пәндік шекаралары сақталумен бірге, бір-бірімен қабысуы, бірақ әлеуметтанудың бұл ғылымдарды жұтып қоймайтыны сөз болуы керек және солай болуға тиіс те.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет