Топографиялық карталарды масштабы бойынша 3 түрге жіктеп
қарастыруға болады:
1. Ірі масштабты (1:200 000 жəне одан үлкен)
2. Орта масштабты (1:200 000-нан 1:1 000 000 қоса алғанда)
3. Ұсақ масштабты (1:1 000 000-нан кіші)
Географиялық координаттар — жер бетіндегі экваторға жəне нөлдік
меридианға
қатысты
нүктенің
орнын
көрсететін
мөлшер.
Олар
географиялық ендік жəне географиялық бойлық болып ажыратылады.
Географиялық ендік жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық
пен экватор жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық
бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін
меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенеді.
|