Факультетінің деканы п.ғ. к


Үлкен мен баладағы қарым-қатынас идентификациясы



бет102/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

Үлкен мен баладағы қарым-қатынас идентификациясы. Сәбилік кезеңнің аяғы мен ерте жастық шақтың басында балада паралингвистикалық белгілік жүйе қалыптасады (мимика, жест және т.б.). осындай қарым-қатынасқа маңызды қалыптасулар үлкенге еліктеу негізінде жүреді, ол идентификацияның алғашқы формасы болып табылады.

Бала меңгеретін қарапайым белгілік жүйе үлкеннің жауапты реакциясына стимулға айналады, ең алдымен ананың. Бала психологиялық идентификацияға бағытталған тікелей эмоционалды байланыс құралдарын қолданады және сонымен бірге идентификация деңгейін орнатады. Идентификациялық қатынасты орнатуда ана бейсаналы түрде денемен контакт әдістерін қолданады.

Баланың өзінің күйлеріне байланысты анасымен қарым-қатынас пен идентификациясын туғызады - балалық қуаныштан қайғыға дейін. Балаға өзінде терең эмоционалды қызығушылықты сезінген өте маңызды. Әрине, оның сезімдері эгоистті, бірақ олар арқылы адамдар өзара қатынас идентификациясының алғашқы этаптарын меңгереді. Идентификация мүмкіндіктерінің дамуында баланың сөйлеуді меңгеруі өте маңызды.Үлкен жағынан идентификацияға дайындық шарттарында баланың көңіл-күйі жоғарылайтыны анықталды және осымен баланың жалпы белсенділігі байланысты. Тілді және саналы сөйлеуді практикалық меңгеру. Мектепке дейінгі балалар өз бетінше әрекет етіп , отбасы шеңберінен алшақтап, құрдастарымен , басқа адамдармен қарым – қатынас жасап қарым – қатынас шеңбері ұлғаяды. Шеңбердің ұлғаюы баладан қарым- қатынас жасаудың барлық тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Олардың маңыздысы–сөйлеу.

Сөйлеудің дамуы бірнеше бағытта жүреді: сөйлеу басқа адамдармен қарым – қатынас жасаудың негізгі құралы; сонымен қатар сөйлеу – ойлаудың құралы , психикалық процестің маңызды бөлшегі бала тәрбиесінің белгілі жағдайларда, бала сөйлеудің мағынасын, құрылымын түсінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет