Факультетінің деканы п.ғ. к


Бақылау әрекетінің ерекшеліктері



бет88/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

Бақылау әрекетінің ерекшеліктері.

Оқу ситуацияларында толық жарамды жұмыс әрекеттердің тағы да бір типін-бақылау әрекетін орындауды талап етеді. Бала өзінің оқу әрекеттерін және олардың нәтижелерін берілген үлгілермен салыстырып,бұл нәтижелердің сапасын орындалған оқу әрекетінің деңгейімен және толықтығымен байланыстыруы қажет. Алғашында бақылауды ұйымдастырудағы негізгі рөл мұғалімге жүктеледі. Балалар біртіндеп өз істерінің нәтижесін үлгімен салыстырады,мүмкін болатын алшақтықтықтардың себептерін табады және оқу әрекеттерін өзгерте отырып,оларды қоя бастайды. Бақылау түрлері сан алуан. Оның екі формасы ерекше маңызды: 1) шын мәнінде орындалған іс-әрекеттердің дайын нәтижелерін талдау негізінде жасалатын бақылау; 2) ойлау бойынша орындалған әрекеттердің көзделген нәтижелері негізінде болатын бақылау. Ал бақылаудың қажеттігін және оның іске асу тәсілдерін алғаш мұғалім көрсетеді жіне басқарады. Балалардың бұл әрекеттерді ойша орындау формасының болуы бақылаудың да көзделген оқу әрекеттері негізінде ғана жүргізілуіне алғышарт жасайды. Бұл жағдайда оқушы мүмкін болатын нәтижелер әрекеттер ерекшеліктерімен қалац байланысты екенін көреді және дұрыс байланыстарды таңдап алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет