Факультетінің деканы п.ғ. к


Когнитивті даму: қиял,ес,ойлау,қабылдау



бет90/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

3. Когнитивті даму: қиял,ес,ойлау,қабылдау.

Түйсік.

Сезімділік: көру, есту, тактильді, т.б. Дамуы біркелкі емес.7 жаста ахроматикалық обьектілерді түйсіну жоғарылайды,түс сезімталдығы 10 жаста 45%-ға өседі. Бұл қоршаған ортаны қабылдауға дифференциацияға әсерін тигізеді.

Қабылдау.

Күрделі танымдық әрекет. Ол перцептивті әрекеттер: қабылдау обьектісін тану, өлшеу, бағалау.



Перцептивті әрекеттер.

1) Өлшеу әрекеттері-қабылданатын заттардың ұлғаю өлшемі.

2)Өлшеу –бірнеше объектілердің өлшемін салыстыру.

3)Құрастыру-перцептивті бейнені жасау.

4)Бақылау-пайда болған бейнені зат ерекшелігімен қосу.

5)Коррегиалды-образдағы қателікті түзету.

6)Тоникалық-регуляторлық-қабылдауға арналған қажетті бұлшық ет тонусын қалыпта ұстау.

Кез келген перцептивті әрекет-оқыту нәтижесі. Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы нақты жағдаятқа байланысты. Кеңістікке қабылдауда –қарама-қарсы бейнені,уақытты қабылдауда қателіктер болады,жылдам оқуда қиындықтар кездеседі. Бұл кеңістікте жолдардың тарылуына байланысты.



Ес.

7 жаста эгоцентризм феномені жойылады. Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың есі ырықты бола бастайды. Бала мнемикалық тапсырмаларды саналы қабылдайды. Оқу әрекеті балада есті меңгеруді талап етеді. Бала тапсырманың мазмұнын саналы түрде қайталайды,материалдар арасындағы байланыстарды салыстырады,аналогия бойынша есте сақтау қалыптасады. Дамудың деңгейі арнайы еске сақтаудың әдіс-тәсілдерін қажет етеді де, ес, зейін сенсорлы-перцептивті аймақты дамытады. Ес сандық және сапалық өзгерістерге түседі. 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін бала есінің көлемі 2-3 есе өседі. Вербалды ес 7-8 жаста жасөспірімдік кезеңде ол тежеледі. Жоғары деңгейі 30 жас болады. Естің продуктивтілігіне есте сақтау әсер етеді.

Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың ес мінездемесі.

-пластикалық-пассивті еске сақтау және тез ұмыту;

-таңдамалылығы-тез еске сақтау қажетті және өзіне ұнағанын еске сақтап қалады;

-естің көлемі жоғарылайды,қайта жаңғыртудың нақтылығы және жүйелілігі жоғарылайды;

-ес ырықты бола бастайды;

-балалар арнайы еске сақтаудың әдіс-тәсілдерін пайдалана бастайды;

-ес қабылдау тұтқынынан арылады, тану өзінің маңызын жоғалтады;

-қайта жаңғырту басқару үрдісіне ие болады;

-бейнелі компонент сақталады, ес активті қиялмен тығыз байланысты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет