Факультетінің деканы п.ғ. к


семинар: Кіші мектептегілердің ерік жігерінің қалыптасуы



бет115/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

11 семинар: Кіші мектептегілердің ерік жігерінің қалыптасуы

1.Ерік туралы теориялар

2.Кіші мектептегілердің ерік жігерінің қалыптасуы

3.Ерік жігерді дамытудың оқу әрекетін меңгерудегі рөлі.



12 семинар: Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңнің психологиясының сипаты

1.Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңнің психологиясының сипаты

2.Жеткіншек кезеңнің дағдарысының себеп –салдарлары

3.Жасөспірім кезеңнің сипаты


Курстың қысқаша ұйымдастыру- әдістемелік сипаттамасы

Пәнді оқытудың формасы

Кредиттік технология — жүргізілетін білім беру реформаларының бірден-бір құраушысы болып табылады. Кредиттік технологиялық оқыту процессінің аудиториялық сабақтарын өзкізудегі негізгі формаларына дәріс, семинар және практикалық сабақтар, оқытушының басшылығымен жасалатын студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) жатады. Аудториялық емес түрінде өткізілетін сабаққа – студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) жатады.

Кредиттік технологиялық оқыту процессінің сапасын көтеру мен сол процессті реттеу үшін дәріс, семинарлық сабақтарының бағытталуы және студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастырудың мәні өте зор.

1. Ерекше элементтері (мамандықтардың бағыты, дипломның статусы, оқу мерзімі мен формасы, алынған білімді қолдану сфералары, білім деңгейі және оқу бағдарламалардың мазмұны).

2. Оқу процессінің жағдайларының талаптары (кадрлармен қамтамасыз ету, білімгерлер контингентіне сұраныс, студенттердің аттестациялау жүйелері, жоғары оқу орнының материалды-техникалық базасы, қолданатын оқыту технологиялары, студенттердің өзіндік жұмысы, информациялық және кітапханалық жабдықтану, студенттердің алдынала белгіленген оқу жағдайлары).

3. Білім беру сапасыныың квалиметриясы (үлгерім, бітірушілердің жұмысқа орналасу пайызы, білім төлемақысы, бітірушілердің тұлғалық параметрлер деңгейі).



Дәріс – оқытушының жүйелі және жеке түрде оқу материалын мазмұнды түсіндіретін оқыту формасы. Дәріс – оқытушының оқу материалын жүйелі сатылап, мазмұндауы. Оқытудың ұйымдасқан формаларының және әдістерінің бірі ретінде оқу жоспарының көптеген пәндері бойынша курстарда қалыптасатын жоғары мектепте дәстүрлі болып саналады.

Дәрістің негізгі қызметтері:



  • ақпараттық – қажетті мәліметтерді баяндайды;

  • ынталандыру – тақырыпқа деген қызығушылықты оятады;

  • тәрбиелеушілік және дамытушылық – құбылыстарға баға береді, ойлауды дамытады;

  • осы пән бойынша білімнің барлық массивін жүйелейді және құрастырады;

  • бағдарлау – мәселеге, әдебиетке бағыттайды;

  • түсіндірмелі – ғылымның негізгі түсінігін қалыптастыруға бағытталады;

  • сендіруші – айғақтар жүйесіне акцент жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет