Студенттердің өзіндік жұмысы – (СӨЖ) оқу әдістемелік әдебиеттермен және ұсыныстармен қамтамасыз етілген тестілер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есептер түрінде бақыланатын, өз бетінше оқып-тануына бөлінген белгілі бір тақырыптар тізбесі бойынша жұмыс.
СӨЖ ұйымдастыру процессі оның технологиясына байланысты және төменде келтірілген факторларға тәуелді.
СӨЖ. Пәннің нақты тақырыбын қарастырғанда СӨЖ орнын белгілеу. СӨЖ формаларын таңдау. Тапсырманы орындау қолданатын әдістемелік нұсқаулар. СӨЖ-дің әртүрлі сабақтармен сәйкестігі.
СӨЖ ұйымдастыру технологиясының элементтері. СӨЖ-ді жоспарлау, әдістемелік қамтамасыз ету, бағалаужәне тексеру, анализ бен оны жетілдіру. СӨЖ-ді жоспарлау: Пәндердің оқу бағдарламасының білімгерлердің уақытының жалпы бюджетін санау. СӨЖ-дің нақты түрлерінің еңбек сиымдылығын анықтау. Сабақтан тыс уақыттағы жүргізілетін жұмысының көлемін реттеу. Осы барлық процесстерді жүзеге асыру, енгізу үшін жоғары оқу орнының барлық структураларының ролін нақты анықталуы қажет.
Оқу бөлімі: Оқу процесстің графигін құру. СӨЖ-дің апталық, семестрлік, сессиялық оптималды сағат көлемін анықтау. Аудиториялық фонд пен оқу кестесін жоспарлау. Оқу процесінің графигінің орындалуы мен білімгерлердің үлгерімін тексеру.
Әдістемелік бөлім: СӨЖ және СЗЖ әдістемелік қамтамасыз ету мәселерін ППҚ семинарлар мен консультациялар ұиымдастыру; СӨЖ-дің әр түрлері және формалары бойынша әдістемелік нұсқаулар мен құралдарды, иннавациялы педогокикалық технологияларды енгізуінң дәрежесін сараптауыш бақылау; Студенттердің үлгерімін анализінң негізінде СӨЖ ұйымдастыруының жетілдіруі үшін нұсқаулықтар дайындау.
Кафедра: Сабақтардың түрлерімен СӨЖ көлемінің қатынасы, сабақтың мазмұнын және көлемін анықтау. Студенттердің білімінің критерийлері мен ережелерін анықтау құжаттарын дайындау.
Оқытушылар: Тексеру формаларын дайындау (рубеждік және ағымды), СӨЖ жүргізу уақытының бюджетін нақты түрлері мен формаларының еңбексиымдылығына сәйкес келтіру, СӨЖ-ді орындау талаптары және одан күтетін нәтижелері мен тапсыру уақытын белгілеу, Консультациялар уақытын белгілеу, Әртүрлі тапсырмаларды бағалау.
Жобалау нәтижелері пәннің жұмыс бағдарламасында көрсетіліп семестр басында білімгерге жеке жоспарымен оқу тракториясын анықтаған мезгілде әр пәннің СӨЖ-нің түрлері және графигі анықталған түрде берілуі қажет. Бұл білімгерге көмек көрсетіп уақытының дұрыс жіктелуі және ритмикалық жұмыс істеуіне ықпал етеді.
СӨЖ қазіргі замандағы мамандар дайындау талаптарына сай болуы әдістемелік қамтамасыз етудің адекваттық болуы үшін кафедраның оқытатын пәндері бойынша жоспарланған СӨЖ формаларының тізімі алуан түрлі интерактивті оқыту әдістерін (кафедраның профиліне сай) қолдану керек. Әр пәннің СӨЖ-ның түрін және формасын таңдау пәннің талаптары мен мақсатына, білімгердің дайындау сатысына сай болу керек.
Кіріспе, ағымды және рубеждік СӨЖ бақылау жүргізгенде кафедрада төменде келтірілген құжаттар болуы қажет: Оқытушылардың консультация және СӨЖ-ді қабылдау графигі. СӨЖ-дің тапсыру уақыты мен мазмұнын реттейтін график. Білімді бағалау критерийлері, СӨЖ-дің әр түрінің уақыт бюджетін ескеріп отырып бақылау формалары мен әдістері. Әр пәннің және әр курстың СӨЖ бақылау журанлы. Сонымен, СӨЖ кредиттік технологияда сағаттың көлемі 30:70 пайыз болса ұйымдастыру және жоспарлауы мамандық дайындау процесінде өте маңызды мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |