Факультетінің деканы п.ғ. к


Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқаулар



бет119/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқаулар:
Білім алушылардың өзіндік жұмысы — білім алушының оқу іс- әрекетінің ерекше түрі, ол дидактикалық тапсырмаларды өздігінен орындауына, білімтану іс- әрекетіне қызығушылықты қалыптастыруға және ғылымның белгілі бір саласындағы білімін толықтыруға бағытталған. Білім алушылардың өзіндік жұмысы логикалық ойлауды, творчестволық белсенділікті, оқу материалын меңгерудегі зерттеушілік бағыттың дамуын қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды іске асырумен байланысты.

Осы айтып кеткен мәселелерді қорытындылап СӨЖ мақсаттарын төмендегі алгоритм ретінде келтіруге болады.



СӨЖ мақсаттары – студенттерде өзіндік шығармашылық еңбекке дағдыларын қалыптастыру, қазіргі құралдарды пайдаланып, кәсіптік тапсырмаларды шеше білу, өзінің білімін үздіксіз жетілдіру; жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін алу және ой-танымын кеңейту. Студенттердің өзіндік жұмыс бағдарламасының (Syllabus)негізгі бөлімдерін ескере отырып, әрбір пәннің оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. СӨЖ жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және сараптау оқу процесін ғылыми ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады, ол оқу жұмысының толық басқарылуын және қажетті тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. СӨЖ процесі инновациялық технологияларды пайдалануға негізделуі қажет.

СӨЖ материалдары кафедраның профессорлы – оқытушылық құрамымен құрастырылады және мынадай құжаттардан тұрады:

• пәнді оқудың барлық кезеңдеріне есептелген СӨЖ тақырыптары;

• типті және оқу жұмыс бағдарламаларының негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін тапсырмалар жүйесі;

• эссе, баяндамалар, проблемалық тақырыптар, аннотациялар және т. б. тақырыптары;

• негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі;

• кеңестік көиектің түрлері; бақылау түрлері

• бағалаудың өлшеуіштері, жұмыстың ұсынылатын көлемі, оны орындаудың ұсынылатын мерзімдері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет