Көк Есіл
Кӛк пірім Есілім,
Жағаңда аяқ кӛсілдім.
Шомылмақ болып суыңа,
Балқашыңда шешіндім.
Орталық Арқа жерінен,
Ағасың тӛмен қҧлдилап.
Абылай аспас белінен,
Жылжисың бері ылдилап.
Жарқабаққа соғылар,
Дауыл тҧрса толқының.
Қуғын кӛрген мен дегдар,
Жағаңда талай толқыдым.
Табиғатың тамаша,
Кӛз салып пенде қараса!
Тоғайың ну ӛсіп тҧр,
Ҥйеңкі, қайың таласа.
Ойдым-ойдым қарасу,
Алабыңда орнаған.
Қҧс қонған айдын ду мен шу,
Орманға жағаң оранған.
Қҧрағың кӛкше сусындап,
Қазине мата секілді.
Суыңды ішіп сусындап,
76
Тҧлпар ат ойнап секірді.
Қҧрылыстың жоспарында ҥй мен ҥйдің арасы, мал
қоралары, монша т.б. есепке енген, әр ҥйдің
бӛлмелерінің саны мен кӛлемі чертежбен кӛрсетілген.
Мәселен Мҧсаға арналған ҥй тӛрт бӛлмелі, ал қалған
Жәнібекке, Дауытпайға т.б. арналған ҥйлер шағындау –
екі бӛлмеден ғана тҧрады. Шекара басқармасы,
Кӛкшетау дуан басшылары Мҧсаға мыналарды
ескертеді: Кесілетін қарағай бӛренелерінің мӛлшері
салынатын ҥйлердің санына сәйкес болсын, бӛренелерді
бӛтен біреулер пайдаланып кетпесін; жаңа салынған
ҥйлер басқа адамдарға сатылмасын делінген. Сӛйтіп,
бҧл жӛнінде жоғарғы жақ Мҧсадан қол хат алады. Ҥй
қҧрылысының
жҧмысы
басынан
аяғына
дейін
чиновниктердің бақылауында болған.
Бір жағынан алғанда, айта кеткен жӛн, табиғи
ағаштардың (орманның) ҥнемделуі мен сақталуына сол
кездің ӛзінде ҥлкен мән берген, екіншіден қҧрылыс,
тәртібі, ҥйлердің әсемдігі, архитектуралық дәрежесінің
ӛз деңгейінде болуы қатаң қадағаланған.
Архив деректеріне қарағанда аталып отырған
қҧрылыс жҧмысы екі жылдың ішінде тиянақты
аяқталады. Жылғара тҧқымдарына жеті ҥй, монша, мал
қоралары орамдары салынған. Ел Есілдің ықтасын
қойнауына малға да, адамға да жайлы жеріне –
алқаларға жайғасады. Мал қоралары мен оның
орамдары Есіл тоғайының тегін талдарынан тоқылып,
әжептәуір қҧрылыс материалдары ҥнемделеді.
Бҧдан бҧрын бҧл тӛңіректе осындай қарағай
бӛренелерінен жасалған ҥйлер болды ма, жоқ па? Ол
77
жӛнінде дерек аз. Тек, Айғаным ханымның Сырымбетте
салдырған ҥйлері ғана айғақ екенін жоғарыда айтып
кеттік.
Мҧса Жылғараҧлы ӛзіне және туыстарына арнап
бӛрнеден қидырып ҥйлер салғызды дедік. Ал оның ӛзіне
арнап салғызған ҥйінің планы (сызығы) архив
деректерінде сақталған екен (345 қор, 1 тіркеу, 1880 іс).
Онда ҥйдің сырт кӛрінісі (фасады), фундамент бойынша
бес бӛлмелі ҥйдің табанының аумағы, оның масштабы
кӛрсетілген (Сажен ӛлшемімен). Ҥйдің алдында
(ауласында) кең кӛлемде салынған және оған жалғаса
салынған ҥлкен қора, жем бидай салатын қойма, атқора
бар. Аулада монша, жазғы тамақ пісіретін ҥйшік те бар.
Атығай-Қарауыл жерінде жаңа ҥлгідегі ағаш ҥй
салу Жылғара тҧқымдарынан басталды десек мҥмкін
қателеспеспіз. Дәлірек айтсақ ағаш ҥй салу Қҧдайберді
руынан шыққан Жылғара баласы Мҧсадан басталады
демекпіз.
Мҧсаның ағаш ҥйлерді салуына еліктеп Ораз –
Бәйімбет болысының қҧатты 25 отбасы 1853 жылдан
бастап Батіс Сібір қырғыздарының (қазақтарының)
шекара басқармасына ағаш ҥй салу жӛнінде ҧлықсат
сҧрап арыз жаза бастайды. Оған қоса олар егін егу –
диқандықпен айналысу мақсат-ойларын да қоса жазады,
Ново-Никольск
әскери
станицасының
(бекет)
қарамағындағы бос жатқан жерлерді пайдалануға
болатындығын ҧсынады. (345 қор, 1 тіркеу, 1921 іс).
Жылғараҧлы Мҧсаның соңғы қоныстанған жері
бҥгінгі Есіл ауданы Явленка поселкасының маңайы
болған. Явленканың ӛзіндік шежіресі бар, тарихы бар.
78
Әр кім, әр қилы айтқанымен негізгі мағанасы бір боп
шығады. Дегенмен тарихи деректерге сҥйенейік.
Он тоғызыншы ғасырдың аяғында Ресей жерінен
кӛшпенділер-крестьяндар келе бастағаны белгілі.
Мәселен 1879 жылы Мусино мекеніне, яғни Жылғара
тҧқымдарының тҧрағына орыс кӛшпенділері келіп, осы
жерді жалға алған екен. Бҧл қоныс Мҧсаның жері
болғандықтан орыстар «Мусино имение» деп атап
кеткен. Орыстар бҧл жерді жыртып, егін егіп
қоныстанады, ҥйлер салады. Соңында бҥгінгі Явленка
селосы пайда болады. Сол кездері орыс крестьяндары
жерді жалға емес, бас еркімен иемдену ҥшін Ресей
Императорына хат жазады. Ақырында Ақмола
губернаторы бҧл жерді Жылғариндердің қарамағынан
алып, кӛшіп келген орыстарға пайдалануға бергіздіреді
және бҧл елді мекенді «Явленный» деп атауды
ҧсынады. «Явленный» деген сӛз «жаңа келгендер»
мағанасын білдіреді. Сол кезде Явленный болысы
қҧрылған. Бірақ қазақтар Явленка демей «Мҥсін» деп
атап келген екен. (Книга «Страница летописи Родного
края», СКО. Стр.50,51).
Енді атақты жазушымыз Сәбит Мҧқанов ӛз
шығармаларында Мҧсаның тҧрағы – Явленка селосы
жайында ӛз естігенін жазып кетеді. Біз оның мазмҧнын
ӛзгертпей беріп отырмыз. «Есіл ӛзенінің бойында,
орманды биік жарқабағында Жылғараның Мҧсасына
ежелден қыстау болып келген жайлы жердегі елді
Кӛкшетау дуанының аға сҧлтаны Шыңғыс жәмшік
жолының ҥсті, бекет саламыз деп сылтау тауып батыс
жаққа қарай кӛшірген. Одан соң осы жерге кӛшпенді
орыстарды қоныстандырған. Қазақтар бҧл жерді кӛпке
79
(бертінге) дейін Мҥсін деп атап келген, ал орыстар
Мусин деп кеткен, ал мағанасы Мҧсаның қаласы
дегенді білдіреді» – дейді Сәбең.
Явленка селосы бҧл кҥндері Есіл ауданының
орталығы, қаладан (Қызылжардан) 80 шақырым жерде
орналасқан бірнеше мың халқы бар мәдениет ошағы,
қасиетті қоныс.
1884-1885 жылдары Мҧсаның қонысына Ресейден
кӛшіп келген крестьяндарға жер бӛліп беру науқаны
жҥргізілген еді. Батыс Сібірдегі мемлекет мҥлкін
басқару басқармасы Батыс Сібір дала генерал-
губернаторына және Петропавл уезінің басшыларына
жер бӛлу мәселесі жӛнінде тҥсініктеме мен ҧсыныс
хаттарын жібереді. Алдымен Мҧса қонысының жобасы
– планы тҥсіріледі, әр адамға 18 десятина (шамамен 18
гектар) жер бӛлінеді. Орыс-қазақтарына (станицадағы) 3
гектар ағашты жер қоса-артық беріледі, крестьян
шіркеуіне – 99 га, қалған жерді жергілікті халықтарға
бӛлініп берілсін, бҧрынғы жоба бойынша, делінген
хатта.
Мҧса қонысын есептеп, планын тҥсіре келе 11810
га қҧнарлы жер, 12427 га қҧнарсыз (қолайсыз) жер деп
танылады, 343 га жер крестьяндардың ағашты алқабы
деп бӛлек санайды. Сайып келгенде осы аумаққа 656
крестьян кӛшіп келіп орналасқан, сӛйтіп олар 11808 га
жерді иемденген екен.
Батыс Сібір дала генерал-губернаторы (Омбы
қаласы) Ахмола губернаторына (11.02.86) мән-жайды
тҥсіндіріп
хат
жазыпты.
Крестьяндарға
Мҧса
қонысынан жер бӛліп беру, жӛніндегі іс қағаздарды т.б.
80
қҧжаттарды бекіткендігін хабарлайды. (Қор 369, 1
тіркеу, 6459 іс).
Қазағым
Бар жерді кҥннен – кҥнге алып жатыр,
Біреулер алып қала салып жатыр.
Қырылысып ӛзді-ӛзімен қазақ сорлы
Жерінен аузын ашып қалып жатыр.
Тасталық болыстыққа таласуды,
Таласып жаман кӛзбен қарасуды.
Мың-мыңның тӛгілуі жетер енді,
Ізделік аққан бҧлақ – қара суды.
Мағжан Жҧмабаев
ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ
ЖӘНЕ ЕЛ ТЫНЫСЫ.
Атығай еліндегі алты болыстарды 1858 жылдары
басқарған Сандыбай Шопанов (Андағҧл – Ораз –
Бәйімбет болысы), Жанат Қазықанов (Қылды-Ноғай
болысы), Кҥсеп Қҧлатаев (Ақкиік – Қҧлансу – Қойлы
болысы), Жандос Салпықов (Андай – Рсай болысы),
Тҧралы Ғаббасов (Бабасан – Бағыс болысы), Кӛкен
Жандаев (Бабасан – Бағыс болысы) сол кездегі формалы
тізімге жазылған екен. Болыс басшылары белгілі еңбек
81
ақы алып тҧрған, жастары 40-45 аралығында, кейбірінде
патшаның медальдары және әскери дәрежелері болған.
Мысалы Тҧралы Ғаббасовтың майор дәрежесі бар, 1854
жылы Кӛкшетау дуанының аға сҧлтаны болып
сайланыпты (345, 1, 692).
Елуінші жылдардың аяғында Данияров Тохватулла
деген адам орыс патшасы Александр Николаевичке хат
жазыпты. Онда: «Кӛкшетау дуанындағы Андағҧл – Ораз
– Бәйімбет болысы мені молла етіп сайлады. Әкем
Оразов сол елде мешіт салды. Мен діни семинарияға
барып емтихан тапсырдым. Бас муфтидің қолы
қойылған куәлік алдым. Сондықтан моллалық қызметім
тиянақты болу ҥшін Сіздің бекітуіңізді сҧраймын, яғни
қол қоюыңызды ӛтінемін…» делінген. Бҧл хатпен
айналысқан Батыс Сібір басқармасы мәселені шешуді
кейінге қалдырыпты. Ҥйткені Оразовтар тӛңірегінде
арыз-шағымдар, жанжалдар сол кезде аз болмаса керек.
Енді алпысыншы жылдардан бері қарай оралсақ,
Кӛкшетау дуанының аға сҧлтаны Қҧспек Таукин деген
адам болыпты. Бірақ ол ӛзінің сайланған уақыты бітпей
1863 жылдың орта кезінде дҥние салады. Оның
орынына полковник Шыңғыс Уәлиханов ҧсынылған
және сайлауға дейін аға сҧлтандыққа тағайындалған,
Мҧса Жылғарин кандидат болып қалады. Олар Қҧспек
Таукиннің алдында да аға сҧлтан қызметін атқарған еді.
1866 жылы Кӛкшетау дуанының кезекті сайлауын
ӛткізу науқаны басталады. Бҧл жылғы сайлауға тҥскен
тағы да екі кісі – полковник Уәлиханов пен капитан
Мҧса Жылғарин жарысқа тҥсіп қатысатын болады.
Сайлаушылар саны барлығы – 602 адам, оның
қатыспағаны – 176, бірақ 113 адам қол қат
82
(доверенность) беріпті, дәлелсізі – 63. Сайып келгенде
сайлауда дауыс бергені – 539 адам. Сайлаудың
қорытындысында кӛбірек дауыс алып, жеңіп шыққан
Шыңғыс Уәлиханов, одан соңғы дауысқа ие болған
Мҧса Жылғарин еді. Заң бойынша Шыңғыс Уәлиханов
– аға сҧлтан болып ӛтпек, ал Мҧса Жылғарин заседатель
болып сайланбақ. Соңғысы тек заседатель ғана емес
«кандидат» деп аталады. Ол кез-келген уақытта аға
сҧлтанның орнына отыра алады деген сӛз. Бірақ мәселе
бҧл жолы керісінше шешіледі.
Мәселенің мән-жайы былай болған. Дәл осы
сайлауға Батыс Сібір әскери басқармасының Генерал-
майоры Фон Фридрих қатысып, Шыңғыс Уәлиханов
басқарып тҧрған кездегі Кӛкшетау дуанында болған
келеңсіз жағдайларды ортаға жайып салады. Берілген 90
тапсырманың кӛпшілігі орындалмағаны, яғни барымта,
ҧрлық, кісі тонаушылық, кісі ӛлтіру, жер дауы, жесір
дауы сияқты мәселелердің кӛбейіп, оның дер кезінде
анықталып ашылмағаны, алға тартылады. Сайлау
қорытындысын жоғарғы жақ бекітпейінше, ол ӛз кҥшіне
енбейтін болған. Фон Фридрихтың хаттамасына
сҥйенген Батыс Сібір Генерал-Губернаторы Дюгамель
(сайлау жӛніндегі заңның 931 қҧжатына сҥйеніп)
Кӛкшетау дуанының аға сҧлтаны етіп Дворян Мҧса
Жылғарин бекітілсін деп бҧйрық береді. Сӛйтіп Мҧса
келесі сайлауға дейін аға сҧлтан болып қалады. Бҧл
сайлауға
Жақып
Уәлиханов
пен
Шаймерден
Жылғариндер де қатысып, жарысқа тҥскен.
Сайлау алдында 1866 жылы Кӛкшетау дуаны
бойынша аға сҧлтандыққа және оған кандидаттыққа
(немесе заседательдігіне) ҥміткер адамдардың тізімі
83
жасалған. Ол тізімде алдымен тӛре тҧқымдарының
ӛкілдері – сҧлтандары жазылған: Шыңғыс Уәлиханов,
Шеген Уәлиханов, Қанғожа Уәлиханов, Жақып
Уәлиханов,
Әлдеаман
Уәлиханов,
Қҧрманбай
Қанғожин, Әбен Уәлиханов, Қараби Шегенов, Сабалақ
Уәлиханов, Мҧстафа Тӛртаев, Сҧлтанғазы Шегенов,
Жҥсіп Бегалин.
Одан соң Дворян тҧқымы Жылғара Байтоқин
ҧрпағы аталған, олардың фамилиялары бір –
Жылғариндар болғандықтан тек аттарын ғана атап
ӛтейік: Мҧса, Әлібек, Жәнібек, Тҧрлыбек, Есенбек,
Ешмҧхамбет, Аю, Тӛре, Жетпіс, Дауытпай, Сҧраған,
Сауытпай, Қалыбай, Ибрай, Тілеуберген, Тілеуғазы,
Арық, Жәңке, Мҧстафа, Мҧхаметжан, Шаймерден,
Әлмағанбет, Жҥсіп, Жақып, Барақпай. Аталып отырған
тізімде Жылғара ҧрпағынан 25 адам ілігіп отыр. Біздің
пайымдауымызша оның алғашқы оны Жылғараның ӛз
баласы да, қалған он бесі немерелері болуы мҥмкін,
ҥйткені фамилиялары бірдей – Жылғариндер.
Бҧл тізімде Атығай мен Қарауылдың басқа
болыстарынан да адамдар тіркелген екен, барлығы 164
адам. Осы тіркелудің бір бӛлігі билер. Әр болыстың
билері ел арасында сыйлы, қҧрметті адамдар, олар
сайланып қойылған, ел ішінде билік жҥргізетін, дау-
дамайларды шешетін, кәдімгі сот жҧмысын атқаратын
адамдар.
Бҧлар
да
аға
сҧлтандыққа
оның
орынбасарлығына сайлануға қҧқығы бар, сондықтан да
олар ҥлкен тізімге ілігіп отыр. Андағҧл – Ораз –
Бәйімбет болысындағы осындай билерді атап ӛтейік,
олар: Сандыбай Шопанов, Әшім Бӛгімбаев, Атымтай
Сандыбаев, Қҧсайын Әленов, Шал Әділов, Салық
84
Шопанов, Бәйтен Еренов, Жаңбірші Боқаев, Мҥсіреп
Талғазин, Кенжеәлі Данияров, Жаулыбай Шегенов,
Шәукар
Бердин,
Жабай
Мыңжасаров,
Шоқат
Қҧдайбергенов, Тлеміс Сарин, Тоқсанбай Сасықов,
Қуан Ахмадин, Нҧртай Бектасов, Тайшық Мыңтаев,
Ақтан Жолымбетов, Жанбатыр Ботанов, Бекқожа
Танин, Кӛбе Қунаков, Әлібек Балғадыров, Бадана
Мыңбаев, Пішпай Сайспақов, Сейтен Кенжебаев,
Бекшентай Жаулыбаев. (345, 1, 1818).
«Бір жоқ, бір жоқты табады» дегендей Жылғара
мен оның тҧқымдарын іздеп жҥргенде ӛз атам – би
болған Бадана Мыңбайҧлын архивтен кездестірдім.
Бадана менің ҧлы атам, яғни атам – Шегеннің
әкесі. Шегеннің би болғанын марқым әкем – Қадірәлі
және кӛзім кӛрген кӛне кӛз қариялар: Бопат, Зікірия,
Серәлі, Ерғали, Әбіл т.б. айтып отырушы еді. Бірақ
Шегеннің әкесі, Бадананың би болғанын ешкім
білмейтін. Сол архив қҧжаттарында Бадана бидің
мӛрінің таңбасы да табылды. Онда «Бадана, Мыңбый»
деген екі сӛз арабша жазылған, 8 қырлы фигура, аумағы
сақинадай, мҥмкін сол мӛрді сақина қылып қолына
тағып та жҥрген шығар. Сол кездері кез-келген
сҧлтанның, болыстың бидің мӛрі бола бермеген тәрізді.
Кӛпшілігі мӛрдің орынына бармағының таңбасын
басып, немесе қаламмен дӛңгелетіп жазып, бір белгі
қалдырып отырған.
Жылғара Қҧдайбердіден тарайды, ал Бадана
Бәйімбет тармағына жатады.
Кейбір деректерде Нарбота болысының, ауылының
болғандығы кӛрсетіледі. Билік қҧрып, би болу арғы
атамыздан келе жатқан мҧра сияқты қҧбылыс. Бадана
85
есептей келсек 1866 жылдары би болған, Жылғараның
Мҧса, Әлібек деген балаларымен шамалас ӛмір сҥрген
адам екен.
Кӛкшетау дуанында аға сҧлтан қызметін атқарған
адамдардың тізімі және уақыты:
1.
Ғҧбайдолла Уәлиханов – 1824, 1832-1838.
2.
Жылғара Байтоқин – 1824-1826, 1838-1841.
3.
Тоқтамыс би – 1826-1827.
4.
Абылай Ғаббасов – 1829-1832.
5.
Әбілқайыр Ғаббасов – 1841-1845.
6.
Маңдай Тоқтамысов – 1845-1851.
7.
Әбдіғафар Маңдаев – 1852-1854.
8.
Пірәлі Ғаббасов – 1854-1857.
9.
Мҧса Жылғарин – 1858-1860, 1866-1868.
10.
Шыңғыс Уәлиханов – 1860-1862, 1863-1866.
11.
Қҧспек Таукин – 1862-1863.
МАҢДАЙ БАТЫРДЫҢ ӚЛІМІ
Атығай руынан шыққан елеулі ер – Маңдай батыр.
Ол Тоқтамыс бидің, би, болыс аға сҧлтан болған баласы
Маңдай Тоқтамысов емес, одан сәл бҧрынырақ ӛмір
сҥрген адам. Маңдай батыр жер-су, ел, бостандық ҥшін
кҥресті. Кезінде Марал ишан, Бахрам Шақшақҧлы,
Сҥйір
батырлармен
кездесіп,
ӛзінің
Ресей
отаршылдығына қарсы пікірін де білдірген.
Маңдай әділ, шешен, батыл, ӛз тҧсындағы атақты
Қҧрымсы би, Жылғара Байтоқин, Шал ақын сияқты
адамдармен кездесіп, солардан ҥлгі алады. Бірақ
86
Уәлихан ӛзінің айтқанына кӛнбей, айдағанына жҥрмей
қойған Маңдай батырды ҧнатпайды. Кейде екеуі ашық
та айтысып, кездесіп қалады. 18 ғасырдың аяғында
Марал ишанды Атығай-Қарауыл, Керей-Уақ елі тіпті
Татар, Башқҧрт жері де муфти етіп сайлауды ҧйғарады.
Бірақ Уәли хан оған қарсы болады. Елді, жерді, дінді
қорғап, билікті Марал ишан алып кетеді деген пиғыл
Ресейде де, Уәлиханда да болады. Марал ишанды тӛре
тҧқымдары (Уәли мен Айғанымнан басқалары), бҥкіл
байлар, билер қолдаған. Айғаным Маңдай Батырға
қарсылығын, оның Марал ишанды жақтайтындығын ері
– Уәли ханға жеткізеді. Маңдай батыр тҥбінде
тӛрелердің тҥбіне жетеді, бәрімізге кҥн кӛрсетпейді деп
шағымданды Айғаным. Ал, Маңдай батыр Айғанымға:
«Қатын ел билемес, билесе де оңдырмас, кҥйеуіңнің
билігі де жетер» - деген еді. Тоқалының айтқан сӛзін
тастамай Уәли хан сонау Бҧрабайдағы Қызылағаштан
Сырымбетке
келеді.
Содан
Маңдай
батырмен
кездесудің қамын ойлайды, кісі жібереді, алдын-ала
байқатады. Содан соң Уәли хан ӛзінің жендеттерімен
(қаруланған) Маңдай ауылына жетіп келеді. Ол:
«Маңдай бар ма, шықсын бері, оған айтар сӛзім бар!» -
дейді.
Маңдай қаннан-қаперсіз сыртқа шығып, ханға
қарай беттегенде, алдын-ала келісім бойынша, оның
мойынына бҧғалық тастап, жабылып ҧстайды, тапа-
талтҥсте ауыл ортасында дарға асып, ӛлтіріп, кетіп
қалады. Маңдайды жазықсыз ӛлтіртті деген хабар
елден-елге тарап кетеді.
Елдің
басты
адамдары
Жылғара
бастаған
Қызылағашқа барып, Уәлиден Маңдайдың қҧнын
87
тӛлеуді талап етеді. Хан бас тартады. Сонда Жылғара:
«Атығай-Қарауыл, Керей-Уақ елінде бар деген
мықтылардың талқысына салып, «Сенен Маңдайдың
қайтсе де қҧнын аламыз!» – деп бҧл жолы жедел
аттанып кетіпті. Бҥкіл елдің, бірнеше рулардың дҥрлігіп
Маңдай батырды жоқтауға шынымен кіріскендігін
байқаған Уәли Қызылағашта жата алмады. Шығыс
Тҥркістанға қарай бет алған Уәли ханды Тобыл генерал-
губернаторының ҧлықсатымен жіберген солдаттары,
қуғыншылары Кереку маңында кездесіп, кері қайтарып
алады. Тобыл қаласына барған, генерал-губернаторға
жазбаша арыз жазған, барлық жолды, кӛлікті
ҧйымдастырып жҥрген Жылғара Байтоқин және оның
сенімді серіктері еді. Генерал-губернатордың тҥпкі ойы,
кісі дауы емес, Уәлидің Тҥркістанға кетуін болдырмау.
Ал, кетіп қалса «бір бҥліктің» болып қалуы да мҥмкін
деген ой.
Уәли ханды Бҧрабайға тҥсірмей тура Сырымбетке
жеткізеді. Елдің игі жақсылары жиналып, ортаға Уәли
ханды алып, дауды Қҧрымсы би бастайды, бірақ
тӛрелігін Керей ата баласы – Шақшақ би айтсын деп
қамшысын ортаға тастай береді. Шақшақ би Уәли
ханның жазықсыз ел адамын ӛлтіргені ҥшін айыпты
екенін, айтып, жасаған қылмысын мойынына салып
береді. Шешім: «Бес ердің қҧны!». Бірақ Абылайдың
аруағы ҥшін «тӛрт ердің қҧны» болсын, біреуін
кемітейік деген пікір туады. Әділ шешім ҥшін
Атығайлықтар Шақшақ биге арқасына шапан жауып,
астына арғымақ ат мінгізіп, алғысын айтып, шығарып
салған екен.
88
Осы әңгіме жӛнінде Уәли ханға шығарылған
ӛлеңдер де аз емес. Сегіз сері ӛзінің «Замана» деген
толғауында былай дейді:
Абылай ханға тартпаған балалары,
Ел билеуге жетпеген шамалары.
Уәли Орта жҥзге хан болса да,
Қазақтың жақтырмаған даналары.
Кҥншілдік Уәли ханда басым болып,
Жантекейдің Ер Жәнібегін ылғи кҥндеп.
Орысты қазақтарға айдап салып,
Керей-Уақтың аууына болған себеп.
Хандарда Уәли тӛре болып пасық,
Жазықсыз Маңдай ерді дарға асып.
Атығай Маңдай қҧнын жоқтағанда,
Шығысқа жӛнеліпті кӛше қашып.
Ауғанын Уәли ханның біліп қалып,
Тобылдың жандаралы кҥшін салып.
Тоқтатқан Керекудің маңайында,
Жіберген патша әскері тосып алып.
Осылай орыс досы тор қҧрыпты,
Беттерін кейін қарай кӛш бҧрыпты.
Ӛздері сҥйеп жҥрген Уәли ханды,
Әкеліп Сырымбетке қондырыпты.
ӘЛІБЕК БАТЫР
89
Қазақтың атақты сазгері, ӛнер зерттеушісі Ілия
Жақанов «Аққулар қонған айдын кӛл» атты зерттеу
кітабында Ақан сері мен Әлібектің арасындағы достық
қарым-қатынасына арнайы тоқтап, Байтоқиндар әулеті
жайында кӛп деректер келтірген. Жылғараны қазақ
ақсҥйегі (қазақ дворяны) мен подполковник шеніне ие
болған, патша грамотасын алған ірі алпауыт деп
суреттейді.
Мҧса кезінде Шыңғыстан кейін аға сҧлтандыққа ие
болған, мҧсылманша хатқа жҥйрік боп, орысша тіл
білген. Жылғараның ӛзі де екі тілде бірдей жорғалап,
бірде биязы, шешен кӛрініп, бірде тізеге басып, елді
ӛзінен алыстатпау ҥшін қисынсыз жерден амал тауып
отырған, сӛйтіп беделі артқан адам дейді.
Жылғараның Қисық, Аю деген балалары Біржанды
әрдәйім қолдаған. Әлібегі ішіндегі ең ірісі, батыр, ол
Біржанмен тӛс қағыстырып, достық қарым-қатынаста
болған, әрі замандас. Әлібек ҥйінде Шӛже, Тоғжан,
Арыстанбай, Орынбай, Біржан сал, Шәрке сал, Ақан
сері жиі жиналып салтанат қҧрып тҧрған екен.
Серілікті, ақындықты, әділ сӛзді ҥйреніп, қарсы келген
адамға қасқая қарсы қарап кӛзімен, сӛзімен, реті келсе
білегімен жеңіп шығатын батыл да, батыр да адам
Әлібек болған.
Міне, ел аузынан алынған әңгіменің желісі
осындай. Шындығы да, кӛмескі жерлері де баршылық.
Шындығы – Жылғараның патшадан алған атағы,
Әлібектің батырлығы жайындағы мәлімет.
Аты аңызға айналған Әлібекті елі ҧмытпаған.
Кеңес ҥкіметі қҧлағаннан кейін, 1994 жылы батырдың
бейіті кӛтеріледі, зиратының басында қҧран оқылады,
90
ауылында ас беріледі. Одан соң 1995 жылы Рузай
ауданындағы
мамандандырылған
шаруашылыққа
Әлібек батырдың аты беріледі. Бҧл бҥгінгі Ғабит
Мҥсірепов атындағы ауданның Шҧқыркӛл ауылының
маңы еді.
Әлібек Жылғараҧлы 1811-1896 жылдарда ӛмір
сҥрген, 19 ғасырдың ӛкілі. Ол Жылғараның Мәтиман
деген соңғы әйелінен туған кӛп ҧлдардың бірі.
Әлібектің әкесі де, атасы да бай болған, би болған, ел
басқарған адамдар. Жастайынан жігерлі, сҥйегінде дәні
бар, қиянатшыға қасқая қарсы тҧрған ер боп ӛседі.
Жылғараның туысы Қҧрымсы би: «Әлібек туды
дегенше әлек туды десеңші», - депті. Қҧрымсы
Әлібектің аталас ағайыны. Қҧрымсының дуалы сӛзі
шындыққа жақындайды.
Ел арасында Әлібек жӛнінде аңыз да бар. Бір аю
елге малды, жанды қорқытып келе берген. Айбат шегіп
адамдарды ӛлтіріп, малдарды жеп кете берген. Бҧны
естіген Әлібек кҥні-тҥні аңдып, ақыры жекпе-жек
кездесіп, аюдың қарынын қанжармен жарып жібереді,
ӛлтіреді. Сӛйтіп бҥкіл ауыл аюдан қҧтылған екен дейді.
Иә, бҧл аңыз. Аңыз да тегіннен-тегін шықпайды, оған да
негіз керек.
Ӛткен 19 ғасырда қазақ даласында ҥлкен саяси,
тарихи ӛзгерістер болды. Дуандардың қҧрылуы
миграциялық
ӛзгерістер,
кӛшу,
қону,
жер
аударылғандардың кӛбеюі елдің тҧрақтылығын бҧзады.
Соның нәтижесінде ҧрлық, зорлық барымта елде етек
алады.
Кеңес ҥкіметі кезеңінде аттары шыққан атақты
жазушылар Әлібекті әр қырынан атап ӛтті. Сәбит
91
Мҧқанов Байтоқа әулетін бір жағынан мақтап кетсе,
екінші жағынан Әлібекті сотқар, бҧзақы, барымташыл,
тентек етіп кӛрсетеді. Сәкен Жҥнісов «Ақан сері»
кітабында Әлібекті Ақанның сенімді серігі, қамқоршы
қорғаны, елге қалаулы етіп суреттейді. Ақанға ол тҥзу
мылтығын, астындағы тҧлпар атын, алғыр қыран
бҥркітін сыйлаған мырза еді деп кӛрсетеді. Олардың
кейбірі Әлібектің Біржан салмен де байланысын атап
ӛтеді.
Егер Әлібек сал-серілермен аралас болса, онда
оның ақындық, ӛнерсҥйгіштік қасиеттерден аулақ
болмағанын дәлелдейді. Мҧсатай Ғалым ӛзінің «Асыл
сӛзінде»: «Әлібек Зілқараҧлы – батыр, шешен, ӛз
заманының кӛзі ашық азаматтарының бірі болған. Ол
аузымен қҧс тістеген, алдына қара тҥсірмеген, атқанын
қҧлатқан, қосқанын оздырған, істің ағын ақ деген,
қарасын қара деген, ар-намысын ешкімге бермеген,
қҧдайдан ӛзгеге бас имеген кісі болған», - дейді. Міне,
бҧл пікір Әлібектің батырға тән қасиеттерін шынайы
кӛрсетіп отыр. Бҧл пікірді Орынбай ақын Әлібекке
арнаған ӛлеңінде толықтыра тҥседі.
Атығай, Қарауылды жауға бермей, намысын алып
жҥрдің талай жерден. Әлібек Жылқарадан ер боп туып,
кҥшімен кісіліктің жауын жеңген. Осы кезде халықтың
мҧң-мҧқтажын жоқтай алатын, кегін қайтара алатын
Әлібек сияқты ержҥрек білекті жігіттер қажет-ақ. Шын
мағанасында Әлібек сондай жігіттердің бірі, шабылған
елдің кегін, таланған малын талай қайтарып, елдің
алғысына бӛленген ер, батыр атанады.
Әлібек Жылғараҧлы қайтыс болғанда жерлес ақын
Қожамбет Ордабайҧлының айтқан жоқтауы бар. Бҧл
92
жоқтауды Мақаш, Байсал ақсақалдардың аузынан
жазып алған Дәстен Баймҧқанов деген азамат.
Әкесі оның Жылғара,
Ағасы Шопан мырза еді.
Солардан туған Әлекең,
Атығайда қҧлжа еді.
Бисмилла еді сӛз басы,
Әлекең еді қол басы.
Сексен бесте ӛтті дҥниеден,
Иманы болсын жолдасы.
Шопан мырза інісі –
Әлекең елдің ырысы.
Ақылменен тҥзеген,
Ісінің болса бҧрысы.
Сондай-ақ туар бір бала,
Жайылған аты баршаға.
Бес жасына келгенде,
Белгілі болды данышпан.
Он жасына келгенде,
Жҥйрік мініп жарысқан.
Он бес жасқа келгенде,
Артық болып атадан.
Ерегіскен дҧшпанын,
Шылбырменен матаған.
Жиырма беске келгенде,
Ғаскер жиып, ат байлап.
Жолдас болып Қожықпен,
Мҧқатқан жауын айғайлап.
Отыз жасқа келгенде,
Айға шапқан аюдай,
93
Болып еді арыстан.
Отыз бес жасқа келгенде,
Кәпірлермен алысқан.
Алысқандар қалысқан.
Қыран қара бҥркіттей,
Салтанат тҥсті халқына.
Қырық бес жасқа келгенде.
Тораңғҧлды жайлаған.
Елу інген мен елу биені,
Қатарынан байлаған.
Әлекем еске тҥскенде,
Ішім оттай қайнаған.
Патшадан алған шендерін,
Әр жақсыға сыйлаған.
Ӛзі ӛткен соң не болды,
Малы кетті айдаған.
Сарбаздары бытырап,
Қаруы қалды сайлаған.
Кӛк ат қалды белдеуде,
Тҧшпалап мықтап байлаған…
Жоқтау аяқталмаған, бізге соңы жетпеген.
Әлібек батырдың ҧрпағы Медетхан Арысбекҧлының
ӛзінің бабасына арнаған ҥш шумақ ӛлеңін айта кетейік:
Достарыңызбен бөлісу: |