Мақалада белгілі ғалым, сыншы, жазушы Темірғали Нұртазиннің қазақ әдебиетінің көрнекті өкі лі С. Мұқанов романдарын зерттеуі қарастырылады.
Мақалада белгілі ғалым, сыншы, жазушы Темірғали Нұртазиннің қазақ әдебиетінің көрнекті өкі лі С. Мұқанов романдарын зерттеуі қарастырылады.
Белгілі ғалым Т. Кəкішев зерттеушінің «Жазушы жəне өмір» монографиясы жайлы пікірінде: «Т. Нұртазиннің тек С. Мұқановтың жазушылық қайраткерлігіне талай рет оралып, тиянақты зерттеп отыруының өзі оның оқымыстылық парасатының, ғалымдық мұратының дəйектілігін аңғартады. Осының айқын дəлелі – қазақ əдебиеттануына үлес болып қосылған «Жазушы жəне өмір» атты күрделі монография – өзінің идеялық дəрежесі, ғылыми парасаттылығы жағынан биік деңгейдегі туынды» [1, 251], – деп жазса,
Сыншы А. Нұрқатов осы еңбек туралы: «Оның бұл тақырыпқа арналған кітабы орыс тілінде осыған дейін екі рет басылып шыққан-ды. Зерттеуші сол тақырыбына қайта оралып қазақ тілінде көлемді еңбек жазған. Бірақ бұл еңбек автордың орыс тілінде шығарған монографияларының аудармасы да, көшірмесі де емес. Сыншы бұрыннан мол баурап, жете игерген фактілері мен материалдарын пайдалана отырып, тың зерттеу жасаған» [2], – деп дұрыс көрсетті.