Ғалым зерттеушінің С. Мұқанов шығармашылығын зерттеуі



бет1/3
Дата27.01.2023
өлшемі88,6 Kb.
#63250
  1   2   3
Байланысты:
С. Мұқанов ҚБ-41

Ғалым зерттеушінің С.Мұқанов шығармашылығын зерттеуі

Орындағандар: Арипбаева Асия

Ертарғын Ақбота

Мұрат Аружан

Әдібай Гүлия

Тобы: ҚБ-41

С.Мұқановтың очерктері, драматургиясы

  • С.Мұқановтың көп жазып, заман талабына сай бағалы туындылар берген саласының бірі – очерк. Очерк – қазақ әдебиетінде тың жанр. Ол сала-сала болып, күрделене түскен өмір талабынан туды. Стилінде бірде тамашалау, бірде әсерлеу басым болып, кейде шамадан тыс деректер мен сандар берілетін 20-30-жылдардағы жазушының очерктерін сыншы оның жаңа жанрдағы жаттығуына жатқызады. Қаламгердің очерк жанрында елеулі еңбек етіп, табысқа жеткен кезеңі Ұлы Отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі жылдар.

Сыншы С.Мұқановтың қырқыншы жылдардың екінші жартысында Сыр бойындағы еңбеккерлердің арасында, Каспийде балықшылар ортасында, Арқада малшылармен бірге, темір жол құрылысшыларының қатарында ұзақ уақыт болып, көрген білгендерін очерк өрнегіне айналдырғанына тоқталады. Оның очерктерінің сан жағынан мол, сапа жағынан маңыздылығын осындай еңбекқорлығымен байланыстыра қарайды. Сондай-ақ зерттеуші жазушының очерктеріндегі сюжет желісіне, кейіпкерлер характерлерінің ашылуына, жан толғаныс, тебіреністерінің берілуіне баса көңіл бөліп олардың тақырыптарына, танымдық, эстетикалық мәніне тоқталады.

Сәбит Мұқанұлының қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын‚ негізінен‚ 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы‚ 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. 1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай, 1920-30 жылдары әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетик. Мәні жоғары да бағалы.

  • Сәбит Мұқанұлының қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын‚ негізінен‚ 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы‚ 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. 1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай, 1920-30 жылдары әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетик. Мәні жоғары да бағалы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет