Оның артында қисапсыз мол мұра – 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер‚ т.б. Сан-салалы кітаптар қалды. Сәбит Мұқанұлы қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы жөнінде шығарма жазу мақсатын жүзеге асыру үшін Қытайда, Шыңжаң өлкесінде болып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп білді. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында болып‚ Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі туды.

Ғалымдардың пікірлері
«Расын айту керек, қазақ әдебиеттану ғылымында «Жазушы және өмір» атты монографияға дейін дархан талант, асқан ғалым М.О.Әуезовтің «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» есімді тамаша зерттеуі ғана болғанын ескерсек, Т.Нұртазиннің бұл зерттеуі жаңалықтың жыл құсындай болған еді. Осы монографияның игі әсері, творчестволық табысы, перспективалы өнегесі кейіннен туған көп көлемді еңбектерге мұрындық болды»дейді профессор Т. Кәкішев.