Фанфар ойнатылады


ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ



бет3/6
Дата29.04.2023
өлшемі99 Kb.
#88352
1   2   3   4   5   6
ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ


Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе – елдің көркі – деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намыстан бермеу үшін жатқа қолдан


Арулар аз болды ма атқа қонған
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан – демекші, бүгінгі байқауға қатысушы келіндерімізді қол соғып құрметтеп ортаға шақырайық.
(музыка ойнап тұрады)


Жүргізуші:
1-қатысушы:_______________________________________________________

2-қатысушы:_______________________________________________________


3-қатысушы:_______________________________________________________


4-қатысушы:_______________________________________________________


5-қатысушы:_______________________________________________________


Жүргізуші:
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?! – дей келе, әділқазы алқаларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! (баяу музыка ойнап тұрады)


Жүргізуші:
1)_________________________________________________________________
2)_________________________________________________________________
3)_________________________________________________________________
4)_________________________________________________________________
5)_________________________________________________________________


Жүргізуші:
- Ал, ендеше рұқсат болса «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты байқаудың шарттарымен таныстырып өтейік.


Байқау келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:
1-кезең: «Тегін білу – тектілік» таныстыру;
2-кезең: «Келіндер – сұлу көрінер өнерімен» өнер сайысы;
3-кезең: «Сыр сандық» қазақтың ырым-тиымдары туралы сұрақтар;
4-кезең: «Дәм-думан» аспаздық сайыс;
5-кезең: Үй тапсырмасы «Ана көрген тон пішер» қолөнер бұйымын дайындап келу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет