4-сынып оқушысы Нұрсұлтан Айарудың орындауында ән «Наурыз көктем»
Бірлік артса береке еліндегі,
Керегеңнің кеңінен керілгені.
Ұрпақ жібін жалғайтын ұлтқа лайық –
Қазағымның ардақты келіндері – дей келе, қорытынды сөзді әділқазы алқасына береміз.
Жүргізуші:
- Құрметті Жаңалық ауылының тұрғындары және қонақтары! Бүгінгі «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер байқауы да өз мәресіне жетті. Жеңіске жеткен келіндерімізді шын жүректен құттықтай отырып, байқауға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Жүргізуші:
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Ісің ілгері, ақылың серік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын
Төрт түлік төлді болсын,
Баққандарың шелді болсын,
Ақ көп болсын,
Қайғы жоқ болсын,
Пейілдерің кең болсын,
Сапарларың оң болсын,
Мына ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Әумин! Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар!
1.Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
2.Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсын халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
3.Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.
4.Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Достарыңызбен бөлісу: |