ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ
Жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз ауыл ақсақалы Айхимбеков Кемель атамызға беріледі
ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ
Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық! Келесі сөз кезегі ауыл белсендісі Крайников Владимир мырзаға беріледі.
ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ
Жүргізуші: Наурыз мерекесіндегі сәлемдесу түрі қалай аталады? Ұстаздар, оқушылар, Наурыз мерекесінің ең негізгі жоралғысы – құшақтасып көрісу, жаңа тілек тілеу. Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып, қасымызда отырған көршімізбен құшақтасып көрісейік.
ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ
(Барлығы құшақтасып көріседі, төс қағыстырады)
Жүргізуші:
Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ
Концерттік бағдарлама:
6-9 сынып қазақша би
Асқарқызы Альдина ән «алақай наурыз»
1 сынып би?
Нұрсұлтан Нұрасыл ән «Хабарлама»
3 сынып би «қара жорға»?
Жүргізуші:
Ақсақалға ұсынып төрін берді,
Алғысына бөленіп көңілдері.
Жасы үлкенге жаңылмай сәлем салған –
Қазағымның ардақты келіндері.
Үлкен үйден іргесі бөлінбеді,
Бір сыйластық арада өрілгені.
Абысынмен ас-суы ажырамас –
Қазағымның ардақты келіндері.
Қосылған соң жүрекпен өмірлері,
Риясыз жарасар сенімдері.
Отағасын қашанда пір тұтатын –
Қазағымның ардақты келіндері.
ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ
Жүргізуші: Құрметті ауыл тұрғындары және қонақтары! Бүгінгі «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер байқауына қош келдіңіздер!
Достарыңызбен бөлісу: |