Ғани байғалиұлы кайдзен үздіксіз дамудың


ІІІ. ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҚАТЕЛІКТІ



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата06.04.2023
өлшемі355,27 Kb.
#79870
1   2   3   4   5
ІІІ. ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҚАТЕЛІКТІ 
БОЛДЫРМАУ
3.1. Себеп-салдар диаграммасы....................................71 
3.2. Проблеманы түп-тамырымен шешу әдісі.............74
3.3. Қозғалыс диаграммасы............................................77 
3.4. Ұсыныс жасау жүйесі..............................................79
3.5. Қателіктің алдын алу әдісі......................................81
3.6. Жақсарту айналымы................................................84
3.7. Стандартты жұмыс...................................................87
3.8. Ұйымдастыру жүйесі..............................................89
3.9. Визуалды менеджмент.............................................94 


IV. КАЙДЗЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
4.1. Жабдықты жылдам ауыстыру әдісі......................105
4.2. Техникаға күтім жасау құралы.............................109
4.3. Құндылықтар ағынын жасау картасы..................112
4.4. Құралдарды жүзеге асыру ережесі.......................114
V. ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҮЗДІКСІЗ ДАМУ
5.1. Жалқаулыққа қарсы әдіс.......................................122
5.2. Кайдзенді жоспар – бақытты өмір негізі.............123
5.3. Психологиядағы кайдзен......................................126
5.4. Өзіңіздің сүйікті ісіңізді табу...............................146
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................149
ҚАРЫС ҚАДАМ АРҚЫЛЫ 100 КҮНДЕ
ӨМІРІҢІЗДІ ӨЗГЕРТІҢІЗ.......................................151
ГЛОССАРИЙ...............................................................169
КАЙДЗЕН ФИЛОСОФИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН 
ҒАЛЫМДАР................................................................172


9
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда адамдарды өз уақытын орынды 
жоспарлау, құндылықтарды қадірлеуді үйрену, жұмыс 
өнімділігін арттыру, сапалы өмір сүру, өмірден өз орнын 
табу сияқты мәселелер жиі алаңдатады. Кайдзен деп 
аталатын жапон философиясын аталған салалардың 
барлығына дерлік қолданып, нәтижеге қол жеткізуге 
болады. 
Кайдзен философиясын Toyota, Canon, Honda, 
Boeing, BMW, Matsushita, Nissan, Komatsu, Sony, 
Ford, HarleyDavidson, Сбербанк России, Amanat 
Insurance, Bi–Group, Казатомпром сияқты компаниялар, 
еңбек сапасын арттыру үшін пайдалануда. Қазіргі 
таңда бұл философия жеке тұлғалардың да мақсатына 
сүрінбей жетуіне, өмірін жоспарлауына көмектесетін 
тиімді құралға айналды. 
Кайдзен сөзі жапон тілінен аудар ған да «кай» – 
үздіксіз, «дзен» – дана лық деген мағына береді. Яғни, 
кайдзен де ге німіз – үздіксіз даму философиясы. 
Нақтырақ айт сақ, кайдзен – өндірісті, зерттеуді, бизнес-
үрдістер мен басқаруды, сондай-ақ, өмірдің басқа да 
барлық қырларын үздіксіз жетілдіруге бағытталған 
жапон философиясы мен тәжірибесінің жиынтығы. 
Қарапайым тілмен түсіндірсек, кайдзен – бұл үнемі 
жақсарып отыру. Кайдзен философиясын бойына 
сіңірген адам кез келген ресурсқа ұқыпты болады. Өзінің 
де, өзгенің де уақытын, құндылықтарын қадірлеуді 
үйренеді. Оны тек өндірісте ғана емес, өзіңнің тұлғалық 
қасиеттеріңді (мінез, қабілет, құндылықтар, әдеттер, 
т.б.) үздіксіз дамытудың құралы ретінде пайдалануға 
болады. Айталық, кәсіби біліктілігіңмен дағдыларыңды, 
айналысып жүрген ісің мен жұмысыңды жақсарту, оны 


10
шарықтаудың шегіне жеткізуге ұмтылу сияқты көптеген 
пайдалы жақтары бар. Нақты айтқанда, кайдзен – өзіңді 
үздіксіз дамытатын зор мүмкіндіктің негізі саналады. 
Мен, Ғани Байғалиұлы, Қазақстандағы кайдзен-
тренер ретінде әлемдегі үздік компаниялар өндірісте, 
жеке тұлғалар үздіксіз дамуға қолданатын жапон 
философиясын қазақ тілінде насихаттау мақсатында 
«Кайдзен үздіксіз дамудың құпиясы» кітабын жазуға 
бел будым. 
Жас болған соң ылғи ізденісте жүрдім, әлі де 
ізденудемін, тоқтамаймын деп ойлаймын. Күндердің 
бірінде кезекті тренингте Тайити Оно деген ғалымның
мынадай бір ойын естіп қалдым: «Біздің компания 
әлемде мықты машиналар жасамайды. Біз мықты 
машина жасайтын қызметкерлерді даярлаймыз». Осы 
сөз санама қатты әсер қалдырды. Сол кезде қатардағы 
бухгалтер болып жүрген мен, маған деген қарым-
қатынастың, көзқарастың дұрыс қойылмағанын 
түсіндім. Бұл тек менің басымдағы жағдай емес. 
Тіпті, басқа ТМД елдерінде қызметкердің құқығы 
жайлы кодекс жоқ еді. «Клиенттікі әрдайым ДҰРЫС» 
деген ұстаныммен өскен біз, санамызға төңкеріс 
орнағанын сезгендейміз. Бұл менің Кайдзенге алғашқы 
баспалдағым еді...
Кітапта әлемдік терминдер отандық аудиторияға 
лайық талып аударылып, ықшамдалған нұсқада 
ұсынылып отыр. Сондықтан, кез келген қазақтілді 
оқырман үшін кітаптың тілі түсінікті болады деген 
үміттемін. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибедегі құралдар 
мен әдіс-тәсілдер біздің қоғамның күнделікті тыныc-
тіршілігіне лайықталған. 
Бұл кітап кайдзеннің күшін қалай қолдануға 
болатынын түсіндіреді: қарыс қадаммен зор жетістікке 


11
жетудің жолын көрсетеді. Бұл стратегияның тамыры 
ежелгі философиядан басталса да, бүгінгі күйбең 
тірлікте де өзінің құндылығы мен тиімділігін 
жоғалтпаған.
Кез келген алыс жол алғашқы қадамнан басталатынын, 
теңіз тамшыдан, теңге тиыннан құралатынын ескерсек, 
«Кайдзен үздіксіз дамудың құпиясы» атты қолыңыздағы 
кітап сізді қарыс қадамдар арқылы үлкен жетістікке 
бастайтын құрал болары сөзсіз. Адам әлемді өзгерту 
үшін алдымен өзгерісті өзінен бастауы керек. Өзін 
өзгерту арқылы отбасын, достарын, қоршаған ортаны, 
мемлекетті, қоғамды, осылайша бүкіл әлемді өзгертуге 
болады.
Кайдзеннің қай жерде де, қай салада болмасын 
болашағы зор екенін үлкен сеніммен айта аламын. 
Әсіресе, соңғы уақытта барлық салада үлкен 
кайдзендік дүмпу басталды. Себебі, адамдарда реттілік 
пен тұрақтылыққа, дамуға деген қызығушылық көп. 
Бұл даму жақсы үрдіске айналу үшін, кайдзен жүйесі 
бойынша ойланатын адамдардың санын көбейтуге 
мүдделі болуымыз керек. Әрине, ең маңызды кітап – ол 
сіздің тәжірибеңіз. Кайдзен – адамның шығармашылық 
әлеуетін ашатын құрал. Қолыңыздағы кітап сіздің де 
мүмкіндіктеріңізді молайтып, өмірлік тәжірибеңізге 
айналады деген сенімдемін. 
Олай болса, құрметті оқырман, үздіксіз даму жолына 
бірге атта найық!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет