"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН КЕЙБІР ЖЫЛАНДАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУ



Pdf көрінісі
бет102/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   372
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН КЕЙБІР ЖЫЛАНДАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУ 
МҮШЕЛЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. 
 
Тойтанова А.С, Бижанова Н.А. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Aizhana-1308@inbox.ru
   
 
Қазақстан  аумағында  жыландардың  он  сегіден  астам  түрі  мекендейді,  олардың  əр  түрінің 
өзіндік  биологиялық  жəне  экологиялық  ерекшеліктері  бар.  Қазақстан  кездесетін  жыландардың 
барлығы  үш  тұқымдасқа  біріктіріледі:  жалған  аяқтылар  тұқымдасы  (Boidae),  сарыбас  жылан 
тұқымдастары (Colubridae) жəне сұржылан тектестер тұқымдасы (Viperidae). Бұл тезисте  екі жылан 
түрінің  биологиялық  жəне  экологиялық  ерекшеліктері  қарастырылған.  Олар,  оқ-жылан  (құмды 
жыландар  тұқымдасы)  жəне  кəдімгі  қалқан  тұмсық  (қалқан  тұмсықтылар  тұқымдасы),  олардың 
алғашқысы  адамға  еш  зиян  келтірмейді,  ал  екінші  түрі  улы  жыландар  санатына  кіреді.  Болашақта 
тезис  авторлары  аталған  түрлердің  өкпесінің  респираторлы  ауданының  ультрақұрылымын  зерттеп 
жəне  оларға  салыстырмалы  сараптама  жасауды  көздеп  отырғандықтан,  оларға  морфологиялық 
ерекшеліктеріне,  қоректенуіне,  тіршілік  ету  мекені  мен  Қазақстан  аумағына  таралуына  ерекше  мəн 
беріліп отыр. 
Боз  жылан  əртүрлі  биотоптарда  мекен  ете  алады:  таулы  ормандар,  бұталар,  жазық  дала, 
жартылай  шөлейттер,  шөлді  жазықтар,  сонымен  қатар  теңіз  деңгейінен  3000  жəне  одан  да  көп 
аймақтарда мекен ете алады. 
Gloydius halys 6 түр тармағы кездеседі. Қазақстанда кең таралған G. h. halys,G. h. caraganus. G. 
h. Caraganus Каспий теңізінің шығыс бөлігінің Маңғышлақ аумағында кездеседі. Еуразия ареалында 


70 
 
ол каспий теңізінің солтүстік-шығыс аумағын жəне Еділ өзенінің аумағын, батысында Балқаш өзені 
мен Үстірттің оңтүстік аймағын алып жатыр.  
Қазақстанда  бұл  түр  кең  таралған,  тек  Батыс  Қазақстан,  Ақмола,  Солтүстік  Қазақстан  мен 
Павлодар  облыстарында  кездеспейді.  Қостанай  облысында  тек  оңтүстік  аймақты  мекендейді,  ал 
Қарағанды облысында оңтүстік шығыс аумақтарда кездеседі. 
Осылайша,  қарастырылған  түрлер  қарапайым  жəне  аумақтағы  саны  бірқалыпты  жыландарға 
жатады. Екі жыланның да уы бар,алайда қарапайым боз жыланның уының жағымсыз эффектілері көп 
кездеседі.  Оқ  жылан  мен  Паллас  боз  жыланның  қоректенуі  екі  түрлі,  ол  жыландардың  таралу 
аймағының əртүрлі болуымен түсіндіріледі. Морофологиялық ерекшеліктері мен кейбір билогиялық 
аспектілер бұл екі түрдің əртүрлі аймақтарда кездесетінімен түсіндіріледі. Келешекте оқ жылан мен 
боз  жыланның  олардың  тіршілік  ету  аумақтары  (биотоп),  қоректенуі  мен  таралуына  байланысты 
өкпелерінің ултрақұрылымына зерттеулер жүргізілмек.  
Ғылыми жетекші:б.ғ.д., профессор Сапаров Қ.А. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет