"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚОШҚАРКӨЛ КӨЛІНДЕГІ  ТЫРАН (ABRAMIS BRAMA) БАЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет99/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ҚОШҚАРКӨЛ КӨЛІНДЕГІ  ТЫРАН (ABRAMIS BRAMA) БАЛЫҒЫ 
ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК СИПАТТАМАСЫ 
 
Сихимбай А.М.  
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
aygerim.sihimbay@bk.ru
  
 
Қошқаркөл  –  Алакөл    көлдер  жүйесінің  құрамындағы  шағын  орналасқан  тұйық  көл.  Көлдің 
ауданы – 120 км
2
 құрайды.  Тыран балығы алғаш 1987 жылы Алакөл көліне Бұқтырма суқоймасынан 
жерсіндіріліп,  кейін  1989  жылдың  күз  айларында  ғылыми  жəне  кəсіптік  аулауда  Қошқаркөл  жəне 
Сасықкөл  көлдерінен  аулана  бастады.  Қазіргі  кезде  Алакөл  көлдер  жүйесінде  олардың  саны 
жоғарылап, ауланымда негізгі басым түрлердің бірі болып қалыптасты. 
Тыран  бойынша  материалдар  2016  жылы  Қошқаркөлдің  мониторингтік  станцияларынан 
ғылыми  аулардың  көмегімен  ауланды.  Биологиялық  анализ  мəліметтеріне  сəйкес,  балықтардың 
ұзындық-жастық  қатары,  жыныстық  құрылымдары,  олардың  статистикалық  мəліметтері  МS«Excel» 
бағдарламаласы  арқылы  орындалып,  кейін  қателіктері  ескеріліп,  нəтижелері  нақты  көрсетілді. 
Тырандардың  жасы  кафедраның  зертханасында  қабыршақтары  арқылы,  МБС-8  бинокулярымен 
анықталды. 
Біздің  мəліметтерімізде  ауланған  тырандардың  жастық  қатары  2-13  аралығында  болды. 
Сəйкесінше олардың ұзындығы 81-352 мм арасында ауытқып, дене салмақтары 10-787 г аралығында 
болды.  Тырандардың  Фультон  бойынша  орташа  көрсеткіші  1,61  индексіне  сəйкес  келеді.  Жалпы 
Алакөл көлдер жүйесінде тырандар 3-4 жасында толықтай жыныстық жағынан жетіледі. Аталықтары 


68 
 
аналық  дараларына  қарағанда  1  жыл  ерте  жетіледі.  Қошқаркөлде  тырандардың  абсолютті  жеке 
тұқымдылығы    92-383  мың  аралығында  болса,  олардың  мөлшері  балықтың  жасы  мен  салмағына 
тікелей  байланысты  болып  келеді.  Жыныстық  жетілген  дараларының  мөлшері  əртүрлі  болады. 
Ғылыми  есеп  берулердің  мəліметтеріне  сəйкес  ұзындығы  29  см  болатын  тырандардың  жыныстық 
жетілмеген  даралары  тіркелген.  Ауланымда  тырандардың  жыныстық  құрылымдары  1:4  қатынаста 
болып, аталықтарының үлесі біршама жоғары болды. 
Ғылыми  жəне  кəсіптік  ауланымда  тырандардың  5+  жастағы  даралары  көп  ауланып,  олардың 
аулаудағы  үлесі  60,22%  құрады.  Ал  ұзындық  құрамы  бойынша  кəсіптік  ауланымға  120-160  мм 
арасындағы даралары көп түсіп, жалпы ауланымның 52% тиесілі болды. Бұл ұзындық құрамындағы 
балықтар  ау  көзі  30  мм  кəсіптік  ауларға  көптеп  түсетіні  белгілі  болды.  Ал  салмақтық  құрылымын 
сипаттайтын  болсақ,  ауланымда  100  граммға  дейінгі  даралардың  саны  басым  болып,  жоғарыда 
келтірілген  мəліметтерді  растады.  Қошқаркөлдегі  тыран  популяциясының  құрылымдық 
ерекшеліктерін  сипаттайтын  болсақ,  аталған  көлдегі  басқа  кəсіптік  балық  түрлеріне  қарағанда 
жастық  қатары  жоғары,  алайда  ұзындық  жəне  салмақтық  құрылымдары  басқа  суқоймалармен 
салыстырғанда біршама төмен болатындығы анықталды.  
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Шарахметов С.Е.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет