"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет101/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   372
Байланысты:
thesis114326

МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ 
АУЫТҚУЛАРЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Тленшиева А.М., Сутуева Л.Р. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
tlenshievaa@mail.ru
  
 
Қазіргі кезде еліміздің көптеген аймақтары мұнаймен ластанып, оның əсері тірі ағзаларға кері 
нəтиже беріп келеді. Мұнай жердің шөгінді қабығына бөлінетін, жанғыш сұйық сұйықтық жəне де ең 
маңызды  минерал.  Алкандардың,  кейбір  циклоалкандардың  жəне  ареналардың,  сондай-ақ  оттегі, 
күкірт  пен  азот  қоспаларының  күрделі  қоспасы  болып  табылады.Қоршаған  ортаның  мұнаймен 
ластануы  өте  күрделі  мəселелердің  бірі  болып  отыр.  Қазақстан  Республикасында  мұнай  өндірудің 
жетекші  аймағы  -  жалпы  өндіріс  көлемі  бойынша    32,2  млн  тоннаны  құрап  отыр.  Атырау  облысы 
Батыс  Қазақстан  облысында  (13,1  млн.  тонна),  Қызылорда  облысында  (9,9  млн.  тонна),  Ақтөбе 
облысында (7,1 млн. тонна), Жамбыл облысында (20,7 млн. тонна), Маңғыстау облысында (18,5 млн. 
мың тонна), Шығыс Қазақстан облысы (0,7 мың тонна).  
Жұмыстың  мақсаты:  Ақтөбе  облысындағы  таза  өңірдегі  аймақ  (Іле  өңірі)  пен  мұнаймен 
ластанған  (Кенкияк  жəне  Жаңажол)  аймақтарынан  алынған  биотоптық  ,    өзен  құрбақасы(Rana 
ridibunda),  жылдам  кесіртке  (Lacerta  agilis)  мен  үлкен  құмтышқанның  (Rhombomys  opimus
висцералдық органдарына (бауыр жəне бүйрекке)  патоморфологиялық зерттеулер жүргізу.  
Зерттеу əдістері: гистологиялық жəне  морфометриялық.  
Жүргізілген  зерттеулер  нəтижесінде  Кенкияк  жəне  Жаңакөл  биотоптық  аймақтардан  алынған 
өзен  құрбақасы  мен  жылдам  кесірткенің  бауыры  мен  бүйрегіндегі  қан  айналымының  бұзылысы, 
бүйрегіндегі 
май 
дистрофиясы 
мен 
бүйрек 
арнасындағы 
белок 
дегенерациясының 
гистроструктуралық  өзгерістері  байқалды.Сонымен  қатар,  морфометриялық  санау  нəтижесінде 
меланомакрофагтардың  санының  көбеюуі,  бүйректегі  қабыну  процесстерін  көрсетеді.  Кеңкияқ  пен 
Жаңакөл  биотоптық  аймағынан  алынған  үлкен  құмтышқанның  қанайналымындағы  бұзылыстар, 
дистрофиялық  жəне  де  некробиотикалық  түрде  патоморфологиялық  өзгерістерді  көрсетті.  Қабыну 
процесстерін  туындататын  Купфер  клеткаларының  морфометриялық  саны  жағынан  еселенуі. 
Мұнаймен  ластанған  аймақтан  алынған  үлкен  песчанканың  бүйрегінде  пиело-жəне  де 
гломерулонефриттің қабынуы байқалды.Сонымен қатар тамрлы глогурлемия (тарылуы) жəне бүйрек 
түтікшелерінің аймақтарының кеңеюі (эпитиолициттердің гидропикалық ісінуі). 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Шалахметова Т.М. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет