"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет107/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   372
 
 
«АҚЖАЙЫҚ»БИОСФЕРАЛЫҚ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ЖАМЫЛҒЫСЫ МЕН 
МАҢЫЗДЫ ОРНИТОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРРИТОРИЯСЫ 
 
Хожамұратова А.Қ. 
Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
alima.hojamuratova@mail.ru
   
 
Биосфералық  резерват  территориясы  шөлді  жəне  жартылай  шөлейтті  аймақта  орналасқан. 
Топырақ жамылғысына қарағанда, ботаника жəне географиялық аудандастыру бойынша Гоби-Сахара 
шөлді  аймағы,  Иран-Тұран  облыс  аралығы,  Батыс-солтүстік  Тұран  ойпатына  жатқызылады. 
Негізінде,биосфералық  резерват  Орал-Каспий  өңірі  оңтүстік  жартылай  шөлді-шөлейтке 


73 
 
жатқызылғанымен  кешенді  аквальды  экожүйені  құрайды,  бұл  аумақ  29  экожүйеге  бөлінген,  соның 
ішінде төмендегідей ретте,бес топқа біріктірілген:1) құрлықтық, табиғи-антропогендік;2)жағалау мен 
арал  (құрлықтан  теңізге);  3)аквальды  табиғи  антропогендік;  4)табиғи  аквальды;  5)құрлықтық, 
антропогендік  жолмен  бүлінген.  Өсімдіктер  жамылғысы  бойынша,  келесідей  типтерге  бөлінеді: 
біржылдық,  көпжылдық  сораңдар  мен  жусандардың  басымдылығы;  шалғынды  өсімдіктер 
жамылғысы 
гигро 
мезофиттер, 
мезофиттердің 
шөптесін 
өсімдіктерінің 
басымдылығы; 
гигрофиттердің басымдылығы;Орал өзенінің нулы жерлері,ағашты ярустарға ие Salix alba,Elaeagnus 
oxycarpa,Salix  caspica  кездеседі.Осындай  саналуан  өсімдіктер  жамылғысы  бар,экожүйесі  солтүстік 
шөлейттенген  аймақтармен,Каспий  теңізінің  жағалауы  мен  Орал  өзенінің  дельтасын  байланыстыра 
келе,сулы-батпақты  алқапты  қамтиды.Сонымен  қатар,  резерваттың  территориясы  Қазақстан  жəне 
Орта Азия бойынша«Маңызды орнитологиялық территориялар» қатарындағы сулы-батпақты өлкесі 
бар  аумақ.2008жылы  BirdLife  International  халық  аралық  ұйымына  биоалуантүрлілікті  сақтау 
ассоциациясы  ҚР  Орман  жəне  аңшылық  шаруашылығы  комитеті  қолдауымен  жəне  шетелдік 
серіктестерімен  (RSPB),«Дарвиндік  инициатива»  көмегімен  Қазақстанның  жəне  Орта  Азияның 
маңызды орнитологиялық аумақтары анықталды. Солардың бірі, «Ақжайық» резерватының 67115га 
дельта Орал аймағы А1, А4і критерийлері бойынша осы тізімге енгізілді. Жыл сайын Қазақстан жері 
арқылы 50 млн-нан астам жыл құстары қоныс аударатын болса,шамамен 2млн-дай құс осы Ақжайық 
резерватының  сулы-батпақты  алқаптары  арқылы  өтіп,100ден  астамы  ұя  салады.  Резерватта  292  құс 
түрі:106  ұшып  өтетін  түр,  76  түрі  қыстайтын,  ал  оның  ішінде  38  түрі  Қызыл  кітапқа  енген.  Бұл 
аумақтың  ерекшелігі  Үндістан,  Африканың  солтүстік-шығысынан  ұшып  келетін  құстар  Каспий 
теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы арқылы Волга мен Оралға көтеріліп, Батыс жəне Шығыс Сібірге 
ұшады.  Мысалға:  500мың  үйрек-қаз  10млн-ға  дейін  балшықшылар  дельта  Орал  аймағы  арқылы 
миграция жасайды. Сонымен қатар,бұл жердегі Шалыға аралшығында маңызы зор,осы құстардың ұя 
салатын жерінің нақ өзі осы аралшық,халықаралық Қызыл кітапқа енген қарабас өгіз шағаланың 30-
100жұп аралығындағы колониясының тұрақты ұя басатын орны.  
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Кеубасова Г.О. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет