"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЭМОЦИЯЛЫҚ СТРЕСКЕ ҰШЫРАҒАН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ  БИОХИМИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет106/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ЭМОЦИЯЛЫҚ СТРЕСКЕ ҰШЫРАҒАН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ  БИОХИМИЯЛЫҚ 
КӨРСЕТКІШТЕРІ  МӨЛШЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ 
 
Хебуллаева З. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
a.kura13@mail.ru
  
 
ХХІ ғасырда адамның қоғамдағы психоэмоциялық қысымдарға қарсы төзімділіктерін арттыру 
аса маңызды көкейтесті, өзекті мəселелердің қатарына көтерілді. Адамның эмоциялық күйзелістеріне 
қарсы организмнің төзімділік қасиеттерін бағалау өте маңызды. Қазiргi кезде адам организмi əртүрлi 
стресс  факторлар  əсерiне  ұшырауда.  Ол  факторларға  қолайсыз  экологиялық,  əлеуметтiк-
экономикалық  жағдайларды,  салауатты  өмiр  салтының  бұзылуын  т.б.  жатқызуға  болады.  Ғылыми-
техникалық прогресс кезеңiндегi адамдардың өмiр сүру салтының өзгеруi организмнiң төзімдiлiгi мен 
стресс факторларға төзiмдiлiгiн төмендетедi. 
Эмоциялық  стреске  ұшыраған  егеуқұйрықтардың  қанындағы  жалпы  белок,  лимфадағы  белок 
пен  зəр  затындағы  белок  мөлшерінің  өзгерістерін  анықтау.  Зерттеу  жұмыстары    Адам  жəне 
жануарлар физиологиясы институтының  зертханасында жасалды. Тəжірибеде салмақтары 200–250 г 
зертханалық ақ егеуқұйрықтар қанының биохимиялық қасиеттері зерттелді. 
 Егеуқұйрықтар  келесі  топтарға  бөлінді:  1)  бақылау  тобы,  2)  эмоциялық  стреске  ұшыраған 
егеуқұйрық  топтары.  Жануарлар  эмоциялық  стреске  күніне  5  сағаттан  бір  апта  бойы  ұшыратылды. 
Егеуқұйрықтар үшін - Е.А. Юматов жəне т.б. ұсынған эмоциялық стрестің физиологиялық адекватты 
моделі пайдаланылды. 
Эмоциялық стресс кезінде плазмадағы  жалпы  белоктың  мөлшері эмоциялық стресс кезінде  
бақылау  тобымен  салыстырғанда 28,9% төмендеген. Сонымен қатар, стреске ұшыраған жануарлар 
тобының  лимфасындағы  белок  19,0%  төмендегені  анықталды.  Зəрдегі    белок    мөлшері    екінші  
топтың  жануарларында    эмоциялық  стресс  кезінде  77%  бақылау  тобымен  салыстырғанда 
жоғарылаған  жəне  қанның  плазма    мөлшері    эмоциялық  стреске  ұшыраған    жануарларда  бақылау  
тобымен  салыстырғанда 19,2% жоғарылағанын көрсетті. 
Біздің зерттеулерімізде плазмадағы  жəне  лимфадағы  белоктың азайуы  бауыр  клеткаларының  
бұзылуымен  сипатталады.  Зəр  затындағы  белок  мөлшерінің  артуы  белок  пен  қандағы  плазмалық 
сұйықтың  түтікшелердегі    өткізгіштік    арқылы    бүйректің  түйіндеріне  өтеді.  Гематокрит  бойынша 
қанның  плазмасының    көбеюі    эритроциттер    санының  пайыздық    мөлшерінің    кемуімен  
сипатталады.  Бұл ағзаның стресс  жағдайдағы қалпына келтіруші реакциясы болып табылады. 
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы А. Қ.Асқарбаева., б.ғ.к. Б.Оксикбаев  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет