136
Жұмыстың міндеті:
Оқу түріне байланысты оқушылардың физикалық дамуын бағалау. Оқу
үрдісі динамикасында балалар ағзасының функционалдық қауырттылығына физиологиялық баға
беру.
Мектеп оқушыларының морфофункционалды жағдайының анықталған ерекшеліктері
бұзушылықтарды жою жəне оқу үдерісін оңтайландыру үшін пайдаланылатын болады. Емтиханға
дайындық үрдісі кезеңіндегі функционалдық қауырттылық сипаттамасы: ер балалар үшін – емтиханға
25 күн қалғандағы айқын функционалдық қауырттылық жағдай, 10 күндік кезең үшін жəне 3 күндік
кезең үшін жағдайы қалыпты. Қыз балалар үшін: емтиханға 25 күн қалғандағы айқын
функционалдық қауырттылық жағдай, 10 күндік кезең үшін тым айқын жəне 3 күндік кезең үшін
басқару жүйесінің қауырттылығының жағдайы қалыпты.
Емтиханға дайындалу үрдісі оқушы ағзасында жүйеішілік жəне ағзаның жеке мүшелер жүйесі
қызметінің күшеюіне орай жоғары жүйкелік-эмоционалдық қауырттылықты тудырады. Ер балалар
қыз балаларға қарағанда көбінесе эмоционалдық стреске өте сезімтал келеді жəне де бұған ағзаның
типологиялық ерекшеліктері де байланысты.
Емтихан нəтижелілігіне статикалық (жасы, экология, үлгерімі, морфо-функционалдық
көрсеткіштері, оқушының типологиялық ерекшеліктері, өзіндік қобалжуы), жəне де динамикалық
(жүрек қан-тамырлар жүйесінің функционалдық қауырттылық деңгейі, орталық жүйке жүйесі мен
жүйкелік-эмоционалдық белсенділігі) көрсеткіштер де əсер етеді. Мүшелер жүйесінің алдыңғы
орнында жүрек қан-тамырлар жүйесі, екінші орында жүйкелік-эмоционалдық белсенділік жəне
үшінші орында – орталық жүйке жүйесі орналасқан.
Корреляциялық сараптама ер балалардағы психофизиологиялық энергия көзінің көп шығыны
бойынша бірінші орында қазақ тілі пəнінің тұрғанын көрсетті. Ары қарай кему ретімен –
математика, арнаулы мамандық пəні, тарих. Қыз балаларда да ер балалардағы секілді, екеуін
санамағанда: екінші орында – арнаулы мамандық пəні, үшінші орында – математика. Қыз балаларда
пəндік іріктеуде корреляциялық тəуелділік ер балаларға қарағанда айқын ажыратылады.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., Джанкулдукова А.Д.
Достарыңызбен бөлісу: