ЖЕДЕЛ БҮЙРЕК АУРУЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ Танатарова А. Қ., Аблайханова Н.Т.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
(Əдеби шолу)
aidana@gmail.com
Жедел бүйректер жетіспеушілігі (ЖБЖ) дегеніміз -бұл əр түрлі экзогендік жəне эндогендік
факторлардың бүйрек паренхимасына патологиялық əсер етуі салдарынан екі бүйректің немесе
жалғыз бүйректің фильтрациялық, экскреторлық жəне секреторлық қызметінің кенеттен бұзылуы
(мұнда барлық нефрондар, немесе шумақты аппарат, немесе өзекшелердің барлық бөлімдері
зақымданады).
Бұл аурудың клиникалық көріністері оны тудыратын себептерге байланысты жəне қанда азотты
ыдырау өнімдерінің тежелуінен, су-электролит балансының, қан осмолярлығының күрт өзгеруінен,
қышқылдық-негіздік күйдің айтарлықтай өзгеруінен байқалады. Ауруға олигоанурия барынша тəн,
бірақ міндетті емес белгі.
Бүйрек қызметінің кенет əлсіреуінен науқастардың қаза табуы соңғы жылдары 50 проценттен
15 процентке дейін кеміді. Жыл сайын 1 миллион адамның ішінен 30-60 пациент гемодиализбен
емдеуді («жасанды бүйрек») қажет етеді. Бұл науқастардың 5-6 процентінде тубулярлық некроз
салдарынан созылмалы бүйректер жеткіліксіздігі пайда болады, ол созылмалы гемодиализден
емдеуді («жасанды бүйрек» аппаратын оқтын-оқтын қосу) қажет етеді.
ЖБЖ-де бүйректер организмнің клеткадан тыс секторында баланс сақтау қабілетінен
айрылады. Электролиттердің тежелуі жəне катаболизімдік судың көп түзілуі алдымен клеткадан тыс
секторда гипергидратацияның пайда болып, калий, натрий жəне хлор иондарының артуына əкеп
тірейді. Қан сарысуында мочевина мен креатинин өте тез жиналады. Мочевинаның қосымша өсу
жылдамдығы тəулігіне 25 ммоль/л-ге жетеді. Бикарбонаттар мөлшерінің кемуі метаболдық ацидозды
дамытады. Катаболдық процестердің салдарынан клеткада ткань белоктары, майлар мен көмірсулар
ыдырайды. Қандағы аммиактың мөлшері артады, орташа молекулалар мөлшерінің деңгейі көтеріледі.
Клеткадан көп мөлшерде калий босап шығады, ол ацидоз жағдайында жүректің ырғағын бұзып,
кенеттен оның қызметін тоқтатуы мүмкін. Алғашқы күндері гипергидратациямен байланысты
болатын анемия гемолиздің эритропоэтин, өнімінің кемуі, эритроциттердің жетілуінің тежелуі
салдарынан тромбоцитопения дамиды. Қанның ұю жүйесінің бұзылуы салдарынан геморрагиялық
асқыну
пайда
болады.
Гиперазотемия,
гиперкреатинемия,
дисэлектролитемия,
жаппай
гипергидратация емделмеген немесе асқынған бүйрек кызметі əлсіреуінің салдары болады.
ЖБЖ-де болжам аурудың ауырлығына, басқа ішкі мүшелердің зақымдану дəрежесіне
байланысты. ЖБЖ-нің себебі болған негізгі аурудың болжамы да маңызды орын алады. ЖБЖ-нің
ауыр формаларында бүйректің қызметін толығымен қалпына келтіру 6 айдан 2 жылға дейін
созылады. Наукастардың толық сауығу мүмкіндігі мен мерзімі олардың жеке ерекшеліктері мен
бүйректің өзекше аппаратының зақымдануының ауырлығына байланысты. Диурез қалпына келген
соң, ЖБЖ-мен ауырған науқастардың 70 процентінің еңбек қабілеті қалпына келеді. Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. доцент Аблайханова Н.Т.