"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ПӘНІНЕН ДӘРІС ЖҮРГІЗУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет195/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   372
СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ПӘНІНЕН ДӘРІС ЖҮРГІЗУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРДІНІҢ ТИМДІЛІГІ 
 
Сырайыл С. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
saya9144@mail.ru
 
 
Инновациялық  əдістерді  пайдаланып  оқыту  дегеніміз  -  қазіргі  кезеңде  əлеуметтік,  мəдени 
ортадағы  білім  беру  əрекетінің  нəтижесі.  Инновациялық  білім  беру  педагогикалық  процесстерде 
əртүрлі  оқыту  технологияларын,  оқыту  əдіс-тəсілдерін  қолдана  отырып  білім  алушылардың 
шығармашылық  ойлау  қабылеттерін  жетілдіруге,  білім  сапасын  көтеруге,  сонымен  бірге  білім 
жүйесінің негізгі реформасын қалыптасытрып, дамытуға бағытталған. 
Қазіргі  кезде  дəрілік  өсімдіктер  курстары  студенттерге  негізінен  дəстүрлі  оқыту  əдісімен 
оқытылып  келеді,  бұл  əдіс  оқытушы  мен  студент  арасындағы  диалог  ретінде  жəне  оқытушы 
тарапынан  бақылау  ретінде  қалыптасқан,  немесе  дəріс  слайдқа  негізделген  оқыту  əдісінде 
жүргізіледі. 
Студенттердің  дəрілік  өсімдіктер  туралы  білім  сапасын  жоғарлату  мақсатында  біз  əл-Фараби 
атындағы қазақ ұлттық университеті биология жəне биотехнология факультеті 5B060700 - Биология 
мамандығы  студенттеріне  дəстүрлі  əдіс  пен  инновациялық  немесе  сенсорлық  əдістерді  салыстыра 
отырып сабақ жүргіздік. 
Зерттеу  жұмысымызда  слайдқа  негізделген  оқыту  əдісі,  препарат  жасау,
 
гербарий  көрсету, 
сенсорлық  əдіс  қатарлы  инновациялық  əдістерді  пайдаландық.  Слайдқа  негізделген  оқыту  кезінде 
студенттер  дəріс  тыңдайды  жəне  слайдтағы  суреттер  арқылы  ғана  дəрілік  өсімдіктердің  морфо-
анатомиялық  құрылысымен  танысады. Жаңа  инновациялық  əдіс  немесе  препарат  жасау,
 
гербарий 
көрсету, сенсорлық əдістерді пайдалану кезінде студенттер дəрілік өсімдіктердің өзін көру, қолымен 
ұстап сипап сезу, иісін айыру жəне біздің жетекшілігімізде улы емес өсімдік түрлерінің дəмін татып 
айыру  мен  бірге  дəрілік  өсімдіктің  пайдаланылуын,  ем  болатын  ауруларын  есту  арқылы  есте 
сақтайды.  Осылайша,  зерттеу  жұмысы  бойынша  екі  түрлі  сабақ  беру  əдісін  салыстырдық, 
нəтижесінде инновациялық əдісті қолдану арқылы сабақтың тиімділігін əдеттегі жағдайдан бірнеше 
есе көтеруге болады деп шештік.  
Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  жұмысының  нəтижесінде  студенттер:  улы  жəне  улы  емес 
дəрілік өсімдіктерді морфологиялық пішініне, исі-дəміне қарап қалай айыруға болатындығын түсінді. 
Дəрілік  өсімдіктердің  вегетативтік  жəне  генеративтік  мүшелерінен  уақыттық    анатомиялық 
препараттар  дайындады.  Дəрілік  өсімдіктерде  синтезделетін  емдік  қасиеті  бар  фармакологиялық, 
биологиялық  белсенді  заттардің  өсімдіктің  мүшелеріне  жиналуын  білді.  Дəрілік  өсімдіктер  жайлы 
жазылған  ғылыми  ресурстар  жəне  анықтауыштар,  гербарилармен  жұмыс  істеп,  оларды  сипаттады. 
Осы  аталған  оқыту  нəтижелеріне  негізінен  дəрілік  өсімдіктерді  инновациялық  əдістермен  оқыту 
барысында қол жеткізілді. 
Ғылыми жетекшілері: PhD., аға оқытушы Ыдырыс Ә., Б.ғ.к., аға оқытушы Тыныбеков Б.М. 


134 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет