"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


КАДМИЙ ИОНДАРЫНА СЕЗІМТАЛ CHLAMYDOMONAS REINHARDTII-ДІҢ МУТАНТТЫ



Pdf көрінісі
бет288/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   372
Байланысты:
thesis114326

КАДМИЙ ИОНДАРЫНА СЕЗІМТАЛ CHLAMYDOMONAS REINHARDTII-ДІҢ МУТАНТТЫ 
ШТАМДАРЫМЕН ЛАСТАНҒАН СУ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН БАҒАЛАУ 
 
Жүнісова А.Б., Тұрта А.Е. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
aidoka_mb@mail.ru
  
 
Қазіргі  таңда  елімізде  қоршаған  ортаның  ластануы  өзекті  мəселеге  айналып  отыр.  Су 
экожүйелерінің ластануын зерттеуде, соның ішінде ауыр металдармен жəне радиоактивті заттармен, 
судың  пестицидтермен,  басқа  токсикалық  заттармен  ластану  деңгейін,  судың  антропогендік 
өзгеруінің бағытын анықтауда ыңғайлы тест-объектілердің бірі біржасушалы микробалдырлар болып 
табылады.  Олардың  ішінде  ерекше  орынды  Chlamydomonas  reinhardtii  алады.  Chlamydomonas 
reinhardtii  генетикалық  зерттеулер  мен  бағытталған  селекция  мен  мутагенез  əдістері  көмегімен 
берілген қасиеттерге ие жаңа формаларды жасау үшін ыңғайлы объект болып табылады.  
Зерттеу  объектісі  ретінде  əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  фотобиотехнология  зертханасының 
кадмий иондарына сезімтал Chlamydomonas reinhardtii- СС-124у-1, CC-124р-1, СС-124у-2, CC-124р-2 
коллекциялық  мутантты  штамдары  алынды.  Кадмийге  сезімтал  хломидомонада  коллекциялық 
штамдарының  мутантты  клеткаларының  тіршілік  сақтауына  кадмий  иондарының  түрлі 
концентрацияларының  əсері  зерттеледі.  Эксперименттерде  кадмий  иондарының  əр  түрлі 
концентрациялары: 0,005 мг/л; 0,01 мг/л жəне 0,02 мг/л пайдаланылады.  
Кадмий иондары дақылдағы клеткалар санына айқын көрінетін əсер етеді: кадмий иондарының 
концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның микробалдырлар клеткаларына теріс əсері 
айқынырақ  көрінеді.  Кадмий  иондарына  ең  жоғары  сезімталдылықпен  СС-124р-2  мутантты 
штамының клеткалары ерекшеленді. 
Кадмийге жоғары  сезімтал  Chlamydomonas  reinhardtii  CC-124р-2  мутантты  штамын қолданып 
Текелі қалашығы өзенінің суына биотестілеу жүргізілді. 
Биотестілеу  келесі  операциялардан  құралды:  бақылау  жəне  тəжірибелік  орталарды  дайындау, 
оларға тест-ағзаның клеткаларын енгізу, клеткалардың өсу динамикасын 8 күн бойы зерттеу, алынған 
мəліметтердің салыстырмалы анализі. Зерттеу жұмысы үшін ластанған судың 2 нұсқасы алынды. 1-
ші нұсқада су 1:2 сұйылтуында, ал 2-ші нұсқада бастапқы күйінде алынды. Chlamydomonas reinhardtii 
CC-124р-2 мутантты штамы клеткаларының саны барлық нұсқаларда бірдей болды жəне 1 мл-де (5-7) 
х  10

құрады.  Бақылау  ретінде  алынған  үлгілердің  суы  қосылмаған  стандартты  қоректік  орта 
қолданылды. 
Алынған  мəліметтерге  сəйкес,  Chlamydomonas  reinhardtii  CC-124р-2  штамм  клеткаларының 
өсуі  бақылауда  жəне  1-ші  тəжірибелік  нұсқада  көрінді,  ал  2-ші  тəжірибелік  нұсқада  байқалмады. 
Алынған  нəтижелер  токсиканттардың  Chlamydomonas  reinhardtii   CC-124р-2  штамм  клеткаларының 
өсуіне  токсикалық  əсер  көрсететін  концентрацияларда  бар  екендігін  дəлелдейді.  Сонымен, 
Chlamydomonas  reinhardtii  CC-124р-2  мутантты  штамм  клеткалары  көмегімен  Текелі  өзенінен 


197 
 
алынған  суды  биотестілеу  нəтижелері  бұл  судың  ластанғанын  көрсетеді.  Текелі  өзеніндегі  судың 
сапасы ластанған суға жатқызылды. 
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к., доцент Садвакасова А.К.; б.ғ.к., доцент Акмуханова Н.Р. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет