"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ТҰЗДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ СОЯ  ӨСІМДІГІНІҢ  (GLYCINE MAX) ӨСУ ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ



Pdf көрінісі
бет285/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   372
 
ТҰЗДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ СОЯ  ӨСІМДІГІНІҢ  (GLYCINE MAX) ӨСУ ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ 
ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ СУ МӨЛШЕРІНЕ  ӘСЕРІ 
 
Домакбаева А., Утешова С., Нурмаханова А. 
əл-фараби Қазақ Ұлттық Университеті 
ako-094@mail.ru
 
 
Қазақстандағы  негізгі  проблемалардың  бірі  -  экологиялық  проблема  -    тұздану.  Топырақ 
құрамының  мөлшерден  тыс  тұздануы    ауылшаруашылық  дақылдрының  өнім  беру  деңгейін  
төмендетеді.  Топырақтың  тұздылығы  əлемнің  көптеген  бөліктерінде  бұршақ  өнімдерін  өндірудің 
негізгі шектеуі болып табылады. Соған байланысты дəннің  өну көрсеткіштеріне, жер асты , жер үсті 
мүшелерінің құрғақ жəне ылғал массасына, сонымен қатар жапырақтарындағы судың салыстырмалы 
мөлшерін анықтау үшін сояның тұздылыққа сезімталдылығы зерттелді. 
Зерттеу  объектілер  ретінде    7-күндік  сояның  (Glycine  max)  өскіндері  алынды.  Зерттелген  
сорттары: Вита, Алматы, Ласточка .Сояның дəндерін келесі варианттарда  7  күн өсірілген: Бақылау, 
0,01%  NaCl,    0,1%  NaCl.  Тұздың  концентрациялары  жоғарыланған  сайын    физиологиялық 
параметрлер тежелген. Жер асты мүшелерінің жəне тамырларының  ұзындығына, ылғал жəне құрғақ 
салмақтарына, жапырақ санына жəне салыстырмалы  су мөлшеріне (RWC) тұзды жағдайлардың əсері 
зерттелді. Алынған нəтижелері бойынша келесі  қатарларды келтіруге болады:  
Жер үсті мүшелердің  ұзындығы (бақылаудан пайызы %): Алматы (83) > Вита (81) > Ласточка 
(72). 
Жер  үсті  мүшелердің    ылғал  салмағы  (бақылаудан  пайызы  %):  Вита  (89)    >  Ласточка  (88)  > 
Алматы (75).  
Жер  үсті  мүшелердің    құрғақ  салмағы  (бақылаудан  пайызы  %):  Вита  (77)    >  Алматы  (76)  = 
Ласточка (76).  
Тамырлардың  ұзындығы (бақылаудан пайызы %): Ласточка (120) > Вита (114) > Алматы (74).   
Тамырлардың  құрғақ  салмағы  (бақылаудан  пайызы  %):  Вита  (132)  >  Ласточка(91)  >  Алматы 
(81). 
Жапырақ саны (бақылаудан пайызы %):  Вита (86)  > Ласточка (83) >  Алматы (75)  
RWC - Вита (95)  > Алматы (92,2)  >  Ласточка (85,4). 
Сонымен, Вита  мен Алматы сорттары  тұзды жағдайларға төзімді, ал Ласточка сорты төзімсіз 
деп санауға болады. NaCl жоғары концентрацияда (0,1%)  соя өсімдіктердің биомасса жинақталуын, 
өсуін  тежеді.    Тұзды  жағдайда  судың  салыстырмалы  мөлшері  соя  жапырақтарында      Вита-  5  %; 
Алматы- 7,8 %; Ласточка- 4,6 %-ға дейін  төмендеді . 
Ғылыми жетекші – б.ғ.д.,  биотехнология кафедрасының профессоры Атабаева С.Д. 
 
 
 
 
 
 
 


195 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет