ШАЛҚАР КӨЛІНІҢ СУ ЖӘНЕ СУ МАҢЫ ОРНИТОФАУНАСЫНЫҢ БИОАЛУАНДЫЛЫҒЫ
Балтабаева Қ. Б. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті,
serim2017@mail.ru
Қазіргі кезде, Қазақстанда кездесетін құстардың 488 түрі (дүние жүзіндегі кездесетін
құстарының 5 %) 18 отрядқа біріктірілген. Олардың барлығы да, қырлы төсті құстарға жатады.
Қазақстан құстарының 500 түрін 208 туысқа, 60 тұқымдасқа, 18 отрядқа жатқызуға болады.
Ақтөбе аймағының орнитофаунасының түрлік құрамы 250 жуық түрі кездеседі.Су жəне су
маңы құстарының негізгі мекендері облыстың шығысында – Торғай, Ырғыз, Өлкейік өзендерінің
бассейндері, Əйкенің, Шалқар,Қарашатаудың, Белқопаның солтүстік шығысындағы көлдер.Су
қоймаларында құстың 140-тан астам түрі кездесуі мүмкін, оның 50 ұя салады.
Сулы-батпақты жерлердің өкілдері ерекше орын алады, бұлар Қазақстанда тіркелген
қанаттылардың жартысынан көбі.Ал саны жағынан бұл топтың құстарына тең келетін ешқандай топ
жоқ.
Өзендердің жайылмалары, жайылмалардағы шабындықтар, су қоймаларының жағалаулары,
орман қорғау екпелері бар агроценоздар құстардың белгілі бір түрлермен жəне сандық құрамымен
анағұрылым тығыз қоныстанған.
Көптеген су жəне сумаңы құстары Шалқар көлінің маңында ұялайды, оданда көбі ұшып келу-
кету кезеңдерінде дем алады, қоректенеді, жазғы түлеу өтеді. Бұл құстардың ішіндегі ең
“сушылдары” – су құстары, бұларға маймаққаздар (гагаралар), сұқсырлар, бірқазандар,
суқұзғындары,тақтатұмсықтылар (аққулар, қаздар мен үйректер), қасқалдақтар жатады. Бұлардың
барлығы да жақсы жүзеді жəне сүңгиді, бұл ерекшеліктер олардың дене пішініне де əсерін тигізген:
денесі сопақтау, қанаттары салыстырмалы түрде қысқа əрі жіңішке, қауырсындануы тығыз əрі
қатты.Құймышақ безі жақсы дамыған, оның бөліндісімен(секреті) құстар қауырсындарын майлап,
оларды су өтуден қорғайды. Қорегін су қабатынан немесе оның бетінен ұстайды.
Сумаңы құстарына құтандар, дегелектер,шалшықшылар, майда сутартарлар, кейбір
көкқарғатəрізділер (зымыран), жыртқыштар (балықшы тұйғын, саз құладыны) жəне торғайтектес
құстар (сушылқаралар, наурызектер, айқабақтар, шырылдақтар жəне басқалары) жатады. Сумаңы
құстарының пішіні алуантүрлі болады, бірақ олардың барлығы да су жағалауларында немесе суда
қоректенеді жəне ұялайды. Сұқсыр үйрек Қазақстанда кең тараған.3-5 жұмыртқа салады.Балық,су
омыртқасыздарымен қоректенеді
Үлкен су құзғыны ірі денелі (қаздай) су құсы, түсі шымқай қара. Құйрығы ұзын əрі өте қатты.
Тұмсығы жіңішке, ұшы имек. Балықпен қоректенеді.
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы,магистр. Сырымбетов С.Т.