"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ТЫҚЫР КЕКІРЕ (OXYTROPIS GLABRA DC. ASTRAG.) – ДӘРІЛІК ӨСІМДІГІ



Pdf көрінісі
бет27/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   372
ТЫҚЫР КЕКІРЕ (OXYTROPIS GLABRA DC. ASTRAG.) – ДӘРІЛІК ӨСІМДІГІ 
ЖАПЫРАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Бейбітова Н. Б. 
Əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униерситеті 
beibitova96@mail.ru
  
 
Қазақстанда өсімдік əлемі əртүрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дəрілік өсімдіктердің 
алатын  орны  ерекше.  Дəрілік  өсімдіктердің  вегетативті  мүшелерінің  анатомиялық  диагностикалық 
белгілерін анықтау шиізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады. Тықыр 
кекіре  (Oxytropis  glabra  DC.  Astrag.),  өсімдігі  жапырағының  өскен  ортасына  байланысты 
анатомиялық ерекшелігі жəне диагностикалық белгілері зерттелді.  
Тықыр  кекіре  (Oxytropis  glabra  DC.  Astrag.)  –  өсімдігі  жапырағының  анатомиялық 
ерекшеліктерін  зертеп,  диагностикалық  белгілерін  анықтау.  Жапырақ  тақтасының  сырты 
эпидермиспен қапталған. Эпидермис клеткалары тығыз, аралық клеткасы жоқ. Жоғарғы жəне төменгі 
эпидермис  клеткалары  майда  бұдырлы  кутикулалармен  қапталған.  Жапырақ  дорзивентральды, 
адаксиальді  бетінің  жоғарғы  жағында  тығыздалған,  жақсы  дамыған  полисадты  ұлпа  орналасқан. 
Қуыс ұлпа борпылдаған, жапырақ үстіне паралель, сызық бойымен жатқан, жапырақтың еніне қарай 
созылған  əртүрлі  пішінді  клеткалардан  тұрады.  Жоғарғы  эпидермис  клеткаларының  қалыңдығы 
1,070±0,33мкм  төменгі  эпидермис  клеткаларының  қалыңдығымен    0,040±0,28мкм  салыстырғанда 
айтарлықтай  айырмашылық  жоқ.  Эпидермис  клеткаларының  пішіндері  əр  түрлі  көлемде  домалақ, 
аздап  сопақша  болып  келеді.  Сонымен    қатар  жапырақта  қарапайым  жəне  безді  трихомалар  бар. 
Трихомалар жоғарғы эпидермиске қарағанда  төменгі эпидермисте басым екенін көреуге болды. Осы 
жоғарғы  эпидермис  пен  төменгі  эпидермис  аралығындағы  қабат  мезофилл  болып  табылады. 
Мезофилл  негізгі  ассимиляциялық  ұлпа,  жапырақтың  қалыңдығын  қалыптастырады.  Тықыр  кекіре 
(Oxytropis  glabra  DC.  Astrag.)  өсімдігі  жапырағының  үстіңгі  жəне  астыңғы  эпидермис  клеткалары 
аралығында орналасқан борпылдақ жəне бағаналы мезофил қабаттары айқын көрініп тұр. Мезофилл 
қабаттарының  жоғарғы  жəне  төменгі  эпидерманың  аралығында  орналасуына  байланысты  жапырақ 
дорзивентральды  типті  болып  келеді.  Жоғарғы  эпидермис  астында  бағаналы  мезофилл  орналасқан. 
Бағаналы мезофилл қабатының қалыңдығы 1,025±0,30мкм. мкм ол екі қатарда тар, ұзын клеткаларда, 
қабыққа  перпендикуляр  орналасқан  жəне  хлорофиллге    бай.  Бағаналы  жəне  борпылдақ  мезофилл 
арасын  бөліп  тұратын  шекара  анық  көрінеді.  Жапырақтың  төменгі  эпидермисінде  борпылдақ 
мезофилл орналасқан.  Борпылдақ мезофилл клеткалары ретсіз орналасқан бірнеше клетка қабатынан 
тұрады.  Клеткалар  арасында  ауа  қуыстары  бар.  Борпылдақ  мезофилл  клеткаларының  құрамында 
хлоропласт аз жинақталған сондықтан жапырақтың төменгі жағы, жоғарғы жағына қарағанда ашық 
түсті  болып  көрінеді.  Ұсақ  өткізгіш  шоқ  паренхималық  клетка  қабатымен  қоршалған.  Өткізгіш 
шоқтың  диаметрі  0,170±0,61мкм.  Қорыта  келгенде  жапырақтың  барлық  тін  талшықтары 
паренхимамен қоршалып тұрады.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Б.М. Тыныбеков 
 
 


21 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет