"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ӨСІМДІКТЕР СЫҒЫНДЫЛАРЫНАН БИОТОНИКТЕР АЛУ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРУ



Pdf көрінісі
бет294/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ӨСІМДІКТЕР СЫҒЫНДЫЛАРЫНАН БИОТОНИКТЕР АЛУ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРУ 
 
Кескінтай Ж., Оспан З. 
əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
keskintay@mail.ru
 
 
Алғаш рет қауын өсіру технологиясы бойынша қалдықсыз өңдеу технологиясын игере отырып, 
қауынның қабығынан пайдалы өнімдер алу, қауын шірнесінен тосаптар, тониктер даярлау,  Қауынның 
құрамында  қанттың  көп  мөлшерде  болуы  əр  тілімінен  көптеген  энергия  алуға  мүмкіндік  береді. 
Құрамындағы   дəрумендер  əр  түрлі   аурулардан   қорғайтын   агент  деуге  болады.   Қауын  
косметологияда  да   кеңінен   қолданады.  Дерматоз   жəне   басқада   тері   ауруларына,   шаштың  өсуіне 
де  пайдасы  зор. Қауын тағамдық сапасы бойынша жемістерден кем түспейді. Жоғары татымдық дəмі 
ароматты иісі ерекше. Құрғақ заттардың мөлшері жəне қанттар құрамы бойынша бірінші орын қауын 
іріктемелеріне  тиісті,  одан  кейін  басқа  бақша  өсімдіктер  алады.  С  дəрумені  де  қауын  жемісінің 
құрамында көп. Дегенмен құрамы көк-жасыл балдырлар сығындысы қосылған тониктерді пайдалану 
əлі толық зерттелмеген нысана болып табылады.  
Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  Балдырлар  сығындысы  қосылған  қауын  дақылдарынан 
косметикалық биоөнімдер алу. 
Зерттеу  объектісі  жəне  əдістері:  Университетіміздің  тəжірибелік  алаңы  Агробиостанцияда 
өсірілген,  алдын  ала  балдырлар  сығындысы  қосылған  қоректік  ортамен  суарылған  қауын  дақылын 
пайдаландық. Қауын  шырынын №1 əдістеме негізінде бөліп аламыз. 
Зерттеу нəтижесі:  Тəжірибеге алынған, яғни цианобактериялар сығындысымен өңделген қауын 
дақылдарының  мерзімнен  бұрын  өсу  үрдісі  жоғарылайтыны  анықталды.  Алғаш  рет  қауын  өсіру 
технологиясы  бойынша  қалдықсыз  өңдеу  технологиясын  игере  отырып,  қауынның  қабығынан 
пайдалы  өнімдер  алу,  қауын  шірнесінен  тониктер  даярлау,  жақпа  майлар  сығындысын  жасаудың 
өзіндік əдістері ұсынылады.  
№1  биоөнім.  Құрамы  қауынның  сапалы  құнды  іріктемесінен  жəне  биологиялық  белсенді 
заттары бар  өнім. Теріні тазартуға  ұсынылады. Биологиялық  таза  сусын.  Сапасы жоғары.  Қоспасыз 
жасалған табиғи өнім. 
 Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к.,доцент Ерназарова Г.И. 
    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет