"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЕДІЛ-КАСПИЙ БАССЕЙІНІНДЕ ӨСІРІЛЕТІН КЕЙБІР БАЛЫҚТАРДЫҢ БҰЛШЫҚ



Pdf көрінісі
бет317/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ЕДІЛ-КАСПИЙ БАССЕЙІНІНДЕ ӨСІРІЛЕТІН КЕЙБІР БАЛЫҚТАРДЫҢ БҰЛШЫҚ 
ЕТТЕРІНІҢ АМИНҚЫШҚЫЛДЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ЛИПИДТЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Сəбитова А.М. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
adil.yerezhepov@mail.ru
 
 
Құнды  балықтардың  түрлерін  тек  сақтап  қана  қоймай,  оларды  көбейту,  олардың  техногенді 
əсерлерге төзімді гибридтерін алу қазіргі таңдағы балық шаруашылығының өзекті мəселелерінің бірі 
болып  отыр.  Осы  бағытта  соңғы  жылдары  биотехнологиялық  əдістердің  көмегімен  елеулі 
жетістіктерге қол жеткізілді. Осыған байланысты Еділ-Каспий бассейінінде өсірілетін кейбір құнды 
балықтардың биохимиялық ерекшеліктері зерттелді. 
Зерттеу  объектісі  ретінде  құртпа  (Huso  huso),  ескектұмсық  (Polyodon  spathula),  ақ  балық 
(Stenodus leucichthys), бекіре (Acipenser baeri) балықтары мен олардың гибридтері алынды. Зерттелген 
балықтардың  ішінде  алмаспайтын  амин  қышылдарының  жоғары  мөлшері  бекіре-бестер 


216 
 
балықтарында  болды  (32,6/100  г).  Бірақ  ескектұмсықты  балықтардың  бұлшық  еттерінде  белок 
мөлшері тоғанда өскен бекіре балықтарынан азырақ болды.  
Қыс  айында  судағы  қоректік  заттардың  азаюына  байланысты  балықтардың  денесіндегі 
липидтердің мөлшері азайып, жаз мезгілдерінде оның мөлшерінің өсетіндігі анықталды. Сондықтан 
қыс айларында балықтардың сапалы өнімдерін алу үшін қолдан қоректендірудің маңызы өте зор. 
Балық липидтерінің ерекшелігі – ондағы қанықпаған май қышқылдарының жоғары болуы. Ең 
жоғары қанықпаған май қышқылдары бестер тінінде кездесті – 68,4%. Ескектұмсықты балықтардың 
липидтерінде пальмитин қышқылының мөлшері, басқалармен салыстырғанда, едəуір жоғары болды – 
14,4%.  Бұлшық  ет  тіндеріндегі  май  қышқылдарын  зерттеу  нəтижесінде  бекіре  тұқымдастарының 
липидтерінің  май  қышқылдық  құрамын  табиғи  жəне  культивирленетін  бекіре  туыстарын 
идентификациялау үшін пайдалануға болады деген ұсыныс жасалды.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Ережепов Ә.Е.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет