214
мұнай өңдеу кəсіпорны аумағынан алынған топырақ үлгілері болды. Практикалық маңызы қоршаған
ортаны əртүрлі ластау ошақтарының елді-мекендерге жақын орналасуы тұрғындардың экологиялық
қауіпсіздік мəселелерін қарастырады, яғни жұмыстың практикалық маңызын көрсетеді.
Мұнай кəсіпорны аумағына биотестілеу кресс-салаттың
Lepidium sativum L. көмегімен
жүргізілді. Тəжірибелер нəтижесінде зерттелген топырақ үлгілерінің қышқылдығы бейтарап екені
анықталды. Кресс-салат тұқымдарының өнгіштігіне əсерін бағалау арқылы бұл мұнай өңдеу
кəсіпорны аумағынан алынған топырақ үлгілерінің токсинділігі əлсіз деп бағаланды. Нəтижесінде
хлорофилдің төмен мөлшері 1,4 мг/л кресс-салат өсімдігінің мұнай өңдеу өнеркəсібі маңайынан
алынған топырақ (№1) тəжірибелік үлгісінде анықталды. Бақылау үлгісінде (1,91 мг/л) өсірілген
өсімдіктерге қарағанда мұнай өңдеу кəсіпорнынан 100 м қашықтықта алынған топырақта (№2) тест-
өсімдіктерінде де хлорофилл мөлшері төмен болды (1,47 мг/л). № 1 жəне № 2 тəжірибелік
үлгілеріндегі хлорофиллдің төмен мөлшері топырақтың өсімдік жапырақтарындағы хлорофилдерді
бұзатын химиялық заттармен ластанғанын көрсетеді. Топырақтың мұнаймен ластану деңгейін
анықтау арқылы Бірлік ауылы экологиялық таза деген қорытынды жасалды.
Ғылыми жетекші: б.ғ.к. Мухамбетжанов С.К.
Достарыңызбен бөлісу: