2001 жылы Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау
министрлігі мен UNEP Chemicals арасындағы 2001 жылғы 8 қаңтардағы өзара түсіністік туралы
Меморандумға
сəйкес
ескірген
жəне
қолдануға
жарамсыз
пестицидтерді
алдын-ала
инвентаризациялау жүргізілді жəне баяндама дайындалды. Сонымен қатар Орталық Азия аймақтық
экологиялық орталығының қолдауымен ""Greenwomen" экологиялық жаңалықтар агенттігі"
(Қазақстан) ХЖҰ жобасы іске асырылды. Зерттеуді жүзеге асыру барысында пестицидтердің жоғары токсинділігі немесе экологиялық
қауіптілігінен, оларға деген сұраныстың төмендеуінен, сақтау кезіндегі төмен тұрақтылығынан,
қораптаудың тұтастығының бұзылуынан Республикадағы өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық
заттардың бұрынғы сақтау аймақтарында тыйым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтердің
жинақталу мəселесі тұрғаны анықталды. Ескірген пестицидтер сақтау талаптарына сəйкес келмейтін
қоймаларда сақталады. 2001 жылғы UNEP мəліметтері бойынша ескірген пестицидтерді
инвентаризациялау нəтижесінде Республикада 1500 тонна тыйым салынған қолдануға жарамсыз
пестицидтер жəне олардың құрамы белгісіз қоспалары табылды, ал 2008 жылы олардың мөлшері
10000 тоннаға жетті.
Осылайша, ластау көздерінің, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаның сапасына
экологиялық жəне генетикалық қауіп тудыратын ескірген, қолдануға жарамсыз пестицидтердің нақты
саны қанша екендігі əлі күнге дейін белгісіз. Өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттардың
бұрынғы сақтау аймақтарындағы топырақ хлорорганикалық пестицидтермен ластанған, олардың
концентрациясы ШРК-дан 114 есе жоғары.
Əлемде ескірген пестицидтерді жоюдың жалпыға бірдей қабылданған схемаларына сəйкес
оларды жабық қоймаларда жəне жер асты орындарында сақтау керек.
Тек қана Алматы облысында өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттардың 64 сақтау
аймақтары табылып жəне зерттелді. Бұл аймақтар қоршаған ортаны ластаудың қауіпті ошақтары
болып табылады. Олардың сипаттамалары бойынша жəне оларды жою үшін шұғыл шара қолдану
керек.
Зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – химиялық, физикалық жəне микробиологиялық
əдістерді қолдана отырып, пестицидтердің қойма алаңдарына жақын жерде экологиялық
нысандардың физикалық-химиялық жағдайын жəне микробтық əртүрлілігін зерттеуді жүргізу болып
табылады.
Алынған нəтижелерге сүйене отырып, Алматы облысы тұрғындарының денсаулығы мен
генетикалық жағдайына өңделмеген пестицидтердің əсерін кешенді бағалау жүргізіліп, қаншалықты
зиян екенін білуге жəне соның алдын алу шараларына байланысты жұмыстар жүргізуге болады.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Уалиева П.С.