222
Гаплоидты биотехнология үшін ӨББИ-ның жылыжай жағдайында күріштің əртүрлі
генотиптерінің донор өсімдіктері өсірілді. Донорлы өсімдіктер түтіктену фазасында кесіп жəне
суықпен өңдеу үшін +4 С температуралы тоңазытқышқа үш тəулікке қойылды. Белгілі болғандай,
суықпен өңдеу эмбриогенді микроспоралардың тіршілікке бейімділігін қабілеттендіреді.
Тозаңдардың жаңадан пайда болуын индукциялау үшін бір литрге 2 мг 2,4-дихлорфеноксисірке
қышқылы (2,4 Д) қосылған Блейдс N6 қоректік ортасында өсірілді. Көмірсу көзі ретінде 90 г/л
концентрацияда мальтоза пайдаланылды. Дақылдаудың 20-шы тəулігінде алғашқы эмбриоидтар мен
андрогенді құрылымдардың пайда болғандығы байқалды. Гаплоидты күріш алу үшін 24 гибрид, 2
линия, сонымен қатар, отандық жəне шетел селекциясының 9 сорты пайдаланылды. Каллустардың
көп мөлшері
𝐹
6
KC 6-8 56,
𝐹
1
Italica- 52,
𝐹
3
БР-8-40,
𝐹
6
СПЕ 39-32 гибридтерінен алынды. Виолетта
сортынан 72 каллус алынды. Баканаский жəне Барақат сорттарынан сəйкесінше 64 жəне 36 каллустар
алынды. Əдеби деректер бойынша кейбір күріш генотиптері тозаң дақылдарында сезімтал емес.
Анаит, Маржан, Регул жəне Виола сорттарының тозаң дақылдарында ешқандай құрылымдар түзілуі
байқалмады.
Алынған каллустарды регенерациялау үшін 5 мг/л БАП, 0,5 мг/л НСҚ, 500 мл/л казеин
гидролизаты жəне 30 г/л сахароза қосылған Мурасиге-Скуг (МС) қоректік ортасына ауыстырылды.
Регенерация пайызы отырғызылған каллустардың санымен есептелді. Нəтижесінде, 23 жасыл
регенерант өсімдік алынды. Тамырландыру үшін регенеранттарды 5 мг/л БАП жəне 1 мг/л ИСҚ бар
МС қоректік ортасына отырғыздық. Дақылдаудың үшінші аптасында регенеранттардың түптенуі
байқалды.
Осылайша, глютинозды Виолетта сортынан 11 жасыл жəне 2 альбинос өсімдік алынды.
𝐹
3
БР-
8-40 гибрид каллустарынан 5 жасыл регенерант жəне 1 альбинос өсімдік алынды.
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к. Мелдебекова А.А., б.ғ.к. Усенбеков Б.Н.
Достарыңызбен бөлісу: